Қазақстаннның әлемдегі мәртебесі зор

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 4 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өткен G20 саммитіне қатысып, экономиканы және қаржыны реттеу жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен сессиясының ашылу салтанатына қатысып, Үкіметтің және депутаттардың алдында тұрған міндеттерін айқындап берді.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 қыркүйекте Астана Қазақ Ұлттық хореография академиясының ашылу рәсіміне қатысып, болашақ өнер орталығының тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысып, оқытушылармен әңгімелесті.

G20 саммиті аясында 1 қыркүйекте Ханчжоу қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетті құру, «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасын ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарды бекіту, жылқы тұқымдас жануарлар үшін қойылатын карантин және денсаулықты қорғау талаптары жөніндегі хаттамаға қол қойылды. 4 қыркүйекте өткен G20 саммитте сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Назарбаев жаһандық дамудың бұдан арғы жолы негізінен бүкілдүниежүзілік қауымдастықтың іс-қимылы жүйелілігіне байланысты екендігін айта келе, экономиканы және қаржыны халықаралық тұрғыдан реттеудегі басты рөлді біртұтас жаһандық ұйым атқаруы тиіс деген пікір білдірді. Соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның осы замандағы мейлінше өзекті проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі арқылы жеткізгенін, сондай-ақ, манифест идеяларын іске асыру мен ядролық және жаппай қырып-жоюға арналған өзге де қару түрлерінен азат әлем қалыптастыру бастамасы ұйым тарапынан қолдау табады деп үміттенетінін айтты. 1 қыркүйекте ашылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен сессиясында сөз сөйлеген Н.Назарбаев Сенат пен Мәжіліс депутаттарының халыққа жаңа заңнаманың мақсаттары мен міндеттерін жеткілікті түрде түсіндірудегі рөлін арттыру маңыздылығын айрықша атап көрсетті. Мемлекет басшысы депутаттық корпусты алда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын айтты. Яғни, жаңа сессияның аясында 50 шақты заң жобасы талқыланып, қабылдануы қажет. 7 жаңа заңды қабылдауға депутаттар бастамашылық етті және оны Үкімет қолдады. Бұл бастамалар – депутаттық корпустың жоғары кәсібилігінің айқын дәлелі. Өткен сессия аясындағы 28 жоба бойынша талқылау үдерісі басталды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Палаталары қызметінің барынша жариялы болуы қажеттігіне тоқталды. Елбасы 1 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясының ашылу рәсіміне қатысып, мұндағы оқу ісі би мен балет өнерінің негіздерінен бастап жоғары оқу орнынан кейінгі магистрлер мен докторанттарды дайындауға дейінгі білім беру үрдісінің барлық деңгейін қамтитынын атап өтті. Бұл көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім беретін толық циклды академияның маңыз-дылығы мен бірегейлігін ескере отырып, оған менің жарлығыммен «Ұлттық жоғары оқу орны» айрықша мәртебесі берілді. Сіздер осы жаңа өнер ордасында жоғары халықаралық өлшем мен білім берудің отандық қайталанбас стандартын қалыптастыруға тиіссіздер. Сіздер Қазақстанның би мен балет өнерінің жаңа ұлттық брендін орнықтырады деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті оқу орнының бюджеттен тыс қаражат көздеріне салынғанын айтып, сәулетшілер мен құрылысшыларға атқарған жұмыстары мен шығармашылық еңбектері үшін алғыс білдірді. Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев академия ректоры А.Асылмұратоваға балеринаның шағын мүсінін табыс етті. Бұл мүсінді түлектер жыл сайын бірінші сынып оқушыларына табыстайды, ол балет әртістерінің кәсіби деңгейінің өсуінің жалғастығы мен академияның дәстүрлер сабақтастығының символы болады, – деді Елбасы. А.Асылмұратова Қазақстан Президентіне білдірген сенімі мен академияға жағдай жасағаны үшін алғыс айтты. Қазақстан Президенті академияның Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба және «Уақыт капсуласына» естелік жазба қалдырды. Бұдан бөлек, Елбасы балет залын, жатақхананы, асхана мен бірінші сынып оқушыларына арналған оқу сыныптарын аралап көрді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс