Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсынылды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен 3 мамырда алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы болды. Онда «Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы» мәселе қаралды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 69 бабына сәйкес, 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған болатын. Осыған орай депутат Тимур Ысқақовтың төрағалығымен 3 мамырда алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы болды. Онда халық қалаулылары «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы» мәселені қарады. Қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса мен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының қалалық мәслихаттағы фракциясының жетекшісі, депутат Зәуреш Нұрымова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына облыс әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Зекенұлы Әділбековтың кандидатурасын қолдап, сөз сөйледі. Депутаттар күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша тиісті шешім қабылдады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс