Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Мемлекет басшысына Ақмола облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ, келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы баяндалды.
Қазақстан Президенті өңірде агро-өнеркәсіптік кешен мен туризм саласының әлеуетін нығайтудың маңыздылығын айтып, әкімге жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін тапсырды. Сондай-ақ, ол балалар мен жастарға қолжетімді инфрақұрылым нысандарын салу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаевқа Ақмола облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий