Қазақстан Қарулы Күштеріне – 25 жыл

«Достар» мәдениет сарайында, 6 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы №5510 әскери бөлімінің үздік офицерлерін құрметтеу кеші өтті. Аталған іс-шараға Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов, облыстық ішкі істер және қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, қала әкімдігінің лауазымды тұлғалары, әскери бөлім ардагерлері, тәжік-ауған шекарасында қызмет атқарған әскерилер қатысты.

Жауынгерлік қызмет пен оқудағы үздік офицерлерді құрметтеуDSC_2671ге арналған бұл кештің мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің беделін арттыру және офицер шенінің мәртебесін асқақтату. Шара барысында мына офицерлерге айрықша құрмет көрсетілді: Кинология қызметінің басшысы, майор Ақбота Махметов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институтын 2007 жылы тәмамдап, Степногорск, Астана, Петропавл қалаларында кинология қызметі бойынша взвод командирі болып істеді. 2014 жылдан бері №5510 әскери бөлімнің штаб қызметінің басшысы. Бос уақытында кітап оқығанды және футбол ойнағанды ұнатады. Капитан Тимур Жүрсінов жетекшілік ететін екінші жедел мақсаттағы рота өткен жылы жауынгерлік даярлық жөніндегі сайыстың қорытындысы бойынша үздік рота атағына ие болды. Ол да 2011 жылы әскери институтты бітіріп, жоғары білім алды. Көкшетаудағы №5510 әскери бөлімге қызметке келгенге дейін Атырау қаласында азаматтық борышын өтеді. Тимур да бос уақытында кітап оқығанды ермек етеді. Лейтенант Жолболсын Дәлелхан 2016 жылдың қорытындысы бойынша үздік взвод командирі атағына ие болды. Әскери институтты аяқтағаннан кейін ол қазіргі таңда №5510 әскери бөлімнің жедел мақсаттағы батальон автомобиль взводының командирі лауазымында абыройлы қызмет атқарып жүр. Бос уақытында жеңіл атлетикамен шұғылданады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс