Қазақтың генерал аруы

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин прокуратура саласындағы ұзақ жылғы әрі жемісті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрайымы Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаеваға «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағын тапсырды.

Марапаттау рәсімінен кейін, Сәуле Айтпаева Ақмола облыстық прокуратурасындағы салтанатты іс-шараға шақырылып, прокуратура мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары ұжымымен кездесу өткізді. Ақмола облысының прокуроры Мұратбек Исадилов, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақмола облысы бойынша басқарма басшысы Талғат Әлмағамбетов, сонымен қатар, осы іс-шараға шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, аға әріптесінің еңбегіне жоғары баға берді. Жиналғандар қазақ әйелдері арасындағы тұңғыш генерал, атақты жерлесіміз Сәуле Мұханбедианқызының жылы лебізді сөзін зейін қоя тыңдап, қошемет білдірді. Аталған іс-шара оған арналған фильм, слайдтар мен бейне-роликтердің көрсетілімімен, концерттік бағдарламамен жалғасты. Сәуле Мұханбедианқызы – 2013 жылғы генерал атағын алған Қазақстан тарихындағы тұңғыш әйел. Ол 1960 жылы 22 мамырда Торғай облысы (қазіргі Ақмола облысы) Жақсы кентінде дүниеге келген. 1983 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Р.Руденко атындағы Свердловск заң инс-
титутын бітіріп, еңбек жолын 1977 жылы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі болып бастады. Ол 39 жылдан астам прокуратура органдары жүйесінде абыройлы қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында «Қазақстан Респуб-
ликасы прокуратурасының құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Астана қаласына 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталды. Жоғары кәсіби біліктілік және қызметтік шеберлігі, сонымен қатар, өзінің моралдық және іскерлік сипаты үшін, Елбасының өкімімен 2012 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы болып тағайындалды. С.Айтпаева кәсіпкерлерді қорғау бо-
йынша «Бизнес тірегі» және «Тексеруді тіркеудің электрондық журналы», тексеруді электрондық жоспарлау «е-Жоспар» жүйелерінің бастамшысы болып табылады. Сонымен бірге, құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйесін, өтініштердің барысын бақылайтын «Айқын» жүйесін енгізді. Сәуле Мұханбедианқызы басқарушы лауазымына ие бола тұра, өз жанұясын жүрек жылуына, ыстық махаббаты мен аяулы қамқорлығына бөлеп, ана, әже және сүйікті жар болып қала бермек. Ол кісінің барлық жетістіктері – кәсібіне адалдығы, өзі таңдаған сара жолының ақиқаттығы. Бір сөзбен айтқанда, Сәуле Мұханбедианқызы қазақстандық қоғамда әйел қауымының жете алатын жоғары жетістіктерінің анық дәлелі болса керек.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс