Қазақ еліне мың алғыс!

Бірлік қалалық үлгілі кітапханасында Алғыс айту күніне арналған «Қазақ еліне мың алғыс!» атты промо-акция өтті. Іс-шара ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстандағы әртүрлі халықтың депортациясының тарихи мезгілдері көрсетілген «Қазақ еліне тағзым» атты бейнефильмі ұсынылды. «Мәңгі достық өркендеген жер» атты кең көлемді кітап көрмесі жасалып, таныстырылды. №22 жалпы білім беретін негізгі мектебінің оқушылары өлеңдер оқып, өнерлерін ортаға салды, №5 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дилафруз Сартаева өзбек биін биледі. Сондай-ақ, іс-шараға келген өзге ұлт өкілдері Фуад Тагиев, Елена Алексеенко Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн екенін айтып, алғыстарын білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий