Қазақ мәдениетінің фестивалі

Көкшетауда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы мен «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі қазақ мәдениетінің облыстық фестивалін өткізді.
Фестивальда қазақ мәдениетінің тарихынан сыр шертетін қойылымдар ұсынылып, көпшілікке шашу шашылды. «Беташар», «Бата беру» рәсімдері паш етілді. Сондай-ақ, кітап көрмесі, қолданбалы өнер шеберлерінің шеберлік сағаттары өткізілді.
Салтанатты жиынды Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов құттықтау сөзімен ашты. «Халқымыздың тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі біз үшін қасиетті мұра. Ата-бабамыздың ғасырлар бойғы жиған тәжірибесі, өмірден түйген түйіні, философиясы осы қасиетті ана тілімізде, мақал-мәтелімізде, салт-дәстүрімізде. Сондықтан, біз ата-бабадан қалған мәдениетімізді әрқашан дәріптеп, насихаттап отыруға тиіспіз. Сол себепті де бүгінгі шараның маңызы зор. Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының жүзеге асуына бірлесе атсалысуға шақырамын!» – деді қала әкімі.
Өңірде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті насихаттауға үлес қосқан шығармашылық ұжым жетекшілері мен белсенді топ мүшелері қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Қоғамдық келісім үйінің алаңындағы этноауылда киіз үйлер тігіліп, «Көкшетау», «Он алты қыз» халықтық би ансамбльдері жұртшылық алдында өнер көрсетті.
Алаңда концерттік бағдарлама ұйым-дастырылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Қатысушылар асық ату, тоғызқұмалақтан сынға түсті. Фестиваль тұрғындардың қазақ мәдениетіне деген зор қызығушылығын туғызды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері өңірге қатысты зерттеулер, арнайы дайындалған экспозициямен таныс-
тырды. Этноауылда бата беру, беташар, бесікке салу, тұсау кесу рәсімдерінен көріністер көрсетілді. Қолданбалы өнер шебері Үкіжан Ементаева шеберлік сағатын өткізді. Шарада дизайнер Бағдат Ақылбекованың киім үлгілері таныстырылды. Оның қолынан шыққан ұлттық киімдер Еуропа елдеріне кеңінен танымал. «Алаңда мұндай шараның ұйымдастырылуы қала-лықтарға ерекше көңіл күй сыйлады.Этноауыл өзіндік ерекшелігімен айшықталды, көріністер мен көрмелерден көп нәрсені ойға түюге болады. Әсіресе, осындай фес-тивальдарға жас буын көбірек тартылса екен дейміз», – дейді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Болат Жанәділов.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий