Қазақ тілі курсы ашылды

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» үйінде мемлекет-тік тілді оқып-үйрену курстарының салтанатты ашылуы өтті.
Құттықтау сөзінде Қазақ-стан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәрзият Тохаева Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолда-уында айтылған міндеттерге сай қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналу мәселесіне көп көңіл бөлініп жатқанына тоқталды.
Қазақ тілін оқып-үйрену кабинетінің ашылуы түрлі ұлт өкілдері үшін тілді жылдам үйреніп, күнделікті өмірде қолдануына жағдай жасайды.
Шарада сөз алған облыстық қазақ тілінің оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қаратай Төлекеев, облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл мемлекеттік тілді өмірдің барлық саласында түрлі ұлт өкілінің үйренуі, қолдануы заман талабынан, қазақстандық қоғамды топтастырудағы маңызды фактор ретінде қазақ тілінің рөлі артқанынан туған қажеттілік екенін атап өтті.
Бұл күні қазақ тілінен кіріспе сабақ ұйымдастырылды. Оқуға 60-тан аса адам өтінім берген. Сабақ мемлекеттік тілді оқытудың озық әдістемесін пайдалана отырып, апта сайын екі рет тәжірибелі оқытушының қатысуымен өтпек.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий