Қаза тапқан полицейлерге монумент орнатылды

Қазақстан полициясы күні қарсаңында Ақмола облысының Щучье қаласында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллиннің құрметіне монумент орнатылды. Карантиндік шараларды сақтай отырып өткен монументтің ашылу салтанатына жиналғандар қаза тапқан полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Шараға Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин, Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев, қаза болғандардың туыстары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Осы ретте Арманбек Баймурзин қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне тұрғын үйді жекешелендіру туралы келісімшарт тапсырды. Сонымен бірге, ол қаза тапқан полицейлердің отбасылары әрдайым көмек пен қолдауға сене алатынын атап өтті. Ескерткіш орнату жұмысын ұйымдастыруға қатысқандардың бәріне алғысын жеткізді. Бурабай ауданының әкімі қайтыс болған офицерлердің ата-аналарына өз елінің нағыз азаматтарын лайықты тәрбиелегені үшін ризашылығын білдірді. Қаза тапқан полицейлердің туыстары департамент басшылығына, жергілікті атқарушы органдарға олардың отбасыларына көрсеткен қолдауы мен ықыласы үшін ризашылығын білдірді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий