Қазыналы қарттар – құрмет төрінде

«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Халықаралық қарттар күніне орай қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді.
Аймақ басшысы қазыналы қарттарды құттықтай келе, бұл мейрам – даналықтың, ізеттіліктің, үлкенге деген құрметтің мерекесі деп атады. – Қымбатты қазыналы қариялар, Ақмола облысының барша ардақты аға буын өкілдерін бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздер бізге Тәуелсіздік сыйлаған жасампаз буын өкілісіздер! Еңбек пен соғыстың ерлік үлгілері, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің шынайы белгілері – Сіздерсіздер! Ендігі біздің міндетіміз – асыл қарттарымызды қастерлеп, бақуатты өмір сыйлап, ертеңге деген сенімділік ұялату, – деді ол өз құттықтауында.
Бүгінде өңірде Ұлы Отан соғысының 43 ардагері, 5 мың Еңбек Ері тұрады. Облыс әкімдігі қарияларды қолдау шараларын жүйелі жүргізеді. Қарттар күніне арналған айлықта 7 мыңдай қарияға көмек жасау жоспарлануда, бұл шараға облыстық бюджеттен 40 миллионға жуық қаржы бөлінген.
Шарада бар ғұмырын еңбекке, ұрпақ тәрбиелеу жолына арнаған, білімі мен күшін отанының гүлденуі жолына сарқыған қарияларға зор құрмет, ыстық ықылас көрсетілді. «Мен бар ғұмырын, денсаулығын жастарды оқытуға арнаған барша ардагерлерді құттықтағым келеді. Біз – келешек ұрпақты тәрбиелеген ардагерлерміз және биылғы жыл – жастар жылы болып жарияланғанына қуаныштымыз, себебі жас-
тар – Қазақстанның болашағы»,– деп ақжарма тілегін арнады ардагер ұстаз Күләш Темірбаева.
Кеш соңы облыстықDSC_9969 ішкі саясат басқармасы мен полиция Департаментінің мәдени орталығымен бірлесе ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий