Қайран қалдырған құрақ көрпе!

Қала күні Красный Яр атшабарында «Құрақ көрпе Fest» фестивалі ұйымдастырылды.
Бұл күні Көкше халқы құрақ көрпе жасаудан екі әлемдік рекорд орнатты. Оның бірі ретінде ұлттық нақыштағы диаметрі 33 метр болатын дөңгелек көрпе болса, екіншісі – ұзындығы 11 шақырымға жететін құрақ көрпе. Көкшетаулық шебер Күнсұлу Нұрғалиеваның айтуынша, көрпе матаның түрлі-түсті бөліктерінен тігіледі: – Матаның көптеген ұсақ бөліктерінен жасалған заттар олардың иелерінің ұрпақтары көп болуына, малының өсуіне, мүліктің көбеюіне ықпал етеді деп есептелді. Бұл іс-шара жастарға халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жеткізуге, ұлттық киімнің мәні мен идеясын көрсетуге бағытталған. Бұл жайтты халықаралық рекордтарды тіркеу агенттігінің мамандары қадағалап отырды. Гиннестің әлемдік рекордтарын ұйымдастырудағы ресми төреші, Мәскеуден келген Влад Кабулов арнайы сертификаттарды аймақ басшысы Ермек Маржықпаевқа тапсырды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықованың айтуынша, құрақ көрпені жасауға 2 ай уақыт кеткен. Осылайша, 5 мың тұрғын ұзындығы бірнеше шақырым болатын қазақи көрпе тігіп шығарды. «Көкше өңірі ақындық, әншілік өнерімен ғана емес, қолөнерімен де әйгілі. Өңірде он саусағынан өнер тамған Үкіжан Ементаева сияқты қөлөнердің хас шеберлері бар. Осындай шеберлеріміздің арқасында сүйікті Көкшетау қаламыздың 195 жылдығына ерекше тарту жасап отырмыз», – деп атап өтті Зере Қиықова.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий