Қайрат Нұртастың өнеріне тәнтімін

IMG_6083

Металлург күні құрметіне «Алтынтау-Көкшетау» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының Тәуелсіздік алаңында қазіргі қазақ эстрадасының жұлдызына айналған атақты әнші Қайрат Нұртастың ән кеші өткен болатын. Өзінің сүйікті әншісінің әнін тыңдауға келген көрер-мен өте көп болды. Концерт «Ауырмайды жүрек» әнімен басталды. Лирикалық әндерді ерекше сезіммен, жан-тәнімен беріле шырқайтын әншіні бір көруге асық болған тыңдарман қауым оны ыстық ықыласпен қарсы алды. Қайрат Нұртас 1989 жылы 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясын бітірген. 1997 жылы «Махаббат мұңы» әнімен алғаш 8 жасында экранға шықты. 2006 жылы «Шаншар» әзіл-сықақ театрында «Әке» әнін орындады. Көкшетаудағы әсем кеште эстрада әншісінің репертуарындағы «Жаса, Қазақстан!», «Ей, қарындас», «Ол сен емес» сияқты хит-әндері шырқалды. Қайраттың қай әнін алсаң да оны халық мұқият тыңдайды, сөзін жатқа біледі, бірге орындайды. Әншінің сән мен келісті сымбаты да өзіне жарасымды. Оның сүйкімді, ажарлы бейнесіне, адамгершілік қасиетіне, үлкенге деген құрметі мен кішіге деген ізетіне риза болған көпшілік ду қол шапалақтап тұрды.  Айта берсем, Қайраттың бойында жақсы қасиеттер көп. Бұл күні үлкендер оған сырттай болса да батасын беріп, шығармашылық табыс тілеп жатты. Мен де солардың қатарында сүйікті әншімнің биіктерді бағындыра беруін тіледім.

Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА, Көкшетау қаласының тұрғыны.   

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс