Қайырымдылық жобасына қатысты

400-ден астам ақмолалық мемлекеттік қызметші «Алға басу – Движение вперед» атты қайырымдылық жүгіру жарысына қатысты.

Жарыс барысында ерлер 2,5, әйелдер 1,5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Жарыстан түскен 300 мың теңге ақша еліміздегі емделмейтін дертке шалдыққан балаларға көмек ретінде «Балаға өмір сыйла» жобасын жүзеге асыруға бағытталатын болады. Мемлекеттік қызметшілер дартстан, пейнтболдан да жарысқа түсті.  Шара шеңберінде мемлекеттік қызметшілер отбасылары арасында спорттық сайыс өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша Ақмола облысының қаржы басқармасы атынан қатысқан Қ.Бабақовтың жанұясы бірінші орын алса, екінші және үшінші орындарды Көкшетау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасынан А.Тəниев пен «Солтүстік ҚазЖер қойнауы» өңіраралық департаментінен Т.Қоспановтардың отбасылары өзара бөлісті. «Жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль жəне сертификаттар тапсырылды. Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық істер жасау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда еліміздің келешек жастары үшін үлгі-өнеге болуда», – дейді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий