Қайырымдылық жәрмеңкесі

Науан Хазірет мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі болып, жамағатқа әртүрлі ет өнімдері, тәтті тағамдар, қолөнер бұйымдары және ислам тауарлары ұсынылды.
Жалпы саны 7 шатыр тігіліп, жиналған жамағатқа сапалы қызмет көрсетілді. Ұсынылған тауарлар бағасы қолжетімді болды. Таңғы сағат 8.00-ден түскі 15.00-ге дейін жалғасқан бұл жәрмеңке «Сатып ал да, сауап ал» руxани сөзімен ашылды. Жәрмеңкеге мешіт жамағаты, шәкірттер және «Бижан» ет өндіруші компаниясы мен қырғыз бауырларымыз белсене атсалысты. Жәрмеңке барысында өткен спорттық сайыстар шараның көркін қыздырды. Атап айтсақ, кір тасын көтеріп, қол күрестіріп, машина сүйреуден күш сынасса, арқан тарту, асық ату сияқты ұлттық ойындар да ойнатылды. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат көмекке мұқтаж жандарға және көпбалалы аналарға таратылатын болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс