Қайырымдылық концерті

«Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында Көкшетауда балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті. Шараның басты қонағы көптеген музыкалық байқаулардың лауреаты, танымал отандық орындаушы Бейбіт Қорған.

Іс-шараға аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, полицияда есепте тұрған жасөспірімдер мен облыс орталығының тұрғындары шақырылды.
Өзінің танымал хит әндерін орындаған әртісті көрермендер жылы қарсы алды. Концерт бағдарламасы белгілі музыкалық композициялардан тұрды, зал бұл әндерді орындаушымен бірге орындады. Концерт аясында полиция департаментінің шығармашылық ұжымы да өнер көрсетті. Іс-шараның барлық қатысушылары ұмытылмас эмоциялар мен жарқын әсер алды.
Концерттік бағдарлама соңында департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев Бейбіт Қорғанға ведомство басшылығы атынан алғыс хат табыс етті.

ПД баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий