Қайырымдылық танытайық
Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде су тасқынынан зардап шегушілерге гуманитарлық көмек көрсету үшін қабылдау пункті орналасқан.
Өткен аптада азық-түліктер, жылы киімдер, тұрмыстық қажетті бұйымдар тиелген төрт машина Сандықтау ауданына жіберілді. Осы жолы белсенді көмек көрсеткендер ішінде мыналарды ерекше атағымыз келеді: жалпы құны 35 мың теңгеге бес жүз бөлке нан жіберген «Наурызбаев» жекеменшік кәсіпорны, «Орталық Базар» акционерлік қоғамы, «Керуен сарай», «Пайда» сауда үйлері, «РИО» сауда-сауықтыру орталығы, «Олимп» шағын-маркеті. Олар су тасқынынан жапа шеккендерге 2 миллиондай теңгенің түрлі тауарларын берді. Кәсіпкер Барлыбай Жүнісұлы Жауаров жетекшілік ететін «BLICTERMINAL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы 20 тонна ұн, 1750 литр сұйық және өсімдік майын Атбасар қаласының тұрғындарына жөнелтті. Сондай-ақ, осындай игілікті шарадан облысымыздағы этно-мәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, қала тұрғындары да қалыс қалған жоқ.
Валентина МАМОНОВА,
су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау жөніндегі комиссияның мүшесі