Қайырымдылық танытып, белсене ат салысайық

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығын мерекелеуге жұртшылықтың, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың назарын аудару мақсатында Көкшетау қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі осы үндеуді жолдай отырып, алдағы мерекелік шараларды жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өткізуге көмек көрсетулеріңізді сұрайды.

Кәсіпорындар мен ұйымдар жылдағыдай биыл да елімізді зұлым жаудан қорғап қалған майдангерлерді, күйреген халық шаруашылығын қалпына келтіруге сүбелі үлес қосқан тыл еңбеккерлерін, бір сөзбен айтқанда, бәрімізге жасампаз бейбіт сыйлаған жандарды қамқорлық шуағына бөлейді деген үміттеміз. Қазіргі таңда Көкшетау қаласында 25 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 39-ы Ұлы Отан соғысына қатысушылар, 2062-сі тыл еңбеккерлері, 352-і майданға қатысушылармен теңестірілгендер. 2200-ден астамы басқа санаттағы зейнеткерлер. Көкшетау қалалық соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі сіздерге майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін қолдап ынталандыру үшін демеушілік қаражаттарыңызды қалалық «Жеңіс
қорына» мына есепшотқа аударуларыңызды сұрайды. «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Көкшетау қалалық филиалының реквизиттері:
KZ 778560000000016940
БИК (код) банка – KCJBZKX
РНН 361800018240
/КБЕ 18
БИН 030741008407
«Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамы, Көкшетау қаласы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс