Қаладағы карантин режимін қадағалауда

Облыс орталығының аумағын алдын алу жұмыста-рымен барынша қамту үшін 60 мобильдік топ құрылды. Полицияның жаяу жасақтары көкшетаулықтарға карантин талаптарын түсіндіріп, заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкер-шілікке тарту туралы ескерту хабарламаларын таратты. Автопатрульдердің экипаждары 330-дан астам көлік құралдарының жүргізушілерін алдын алу жұмыстарымен қамтыды.

Сонымен қатар, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жүргізілген рейдтер қорытындысы бойынша 7 көкшетаулық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты материалдар сотқа жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 13 сәуір күні сағат 21.00-ден бастап Ақмола облысында карантин режимінің талаптары қатаңдатылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарға далаға аса қажетсіз шықпауды, бір-бірінің арасы кемінде 2 метр қашықтықты және маскалық режимін сақтауды сұрайды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінсіз көшеде жүруге тыйым салынады.
Төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап, Ақмола облысында полицейлер 186 әкімшілік хаттама толтырды, 143 адам жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 61 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды. Қамауға алу мерзімі 3-тен 15 тәулікке дейін. Тағы 76 ақмолалыққа айыппұл салынып, алты адамға ескерту жасалды.

Анар АСХАТОВА,
ПД баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий