Қалалық газеттер жүлдесі үшін

«Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінің жүлдесі үшін алғашқы жеңіл атлетикалық эстафета осыдан жетпіс жыл бұрын, 1947 жылы өткізілген болатын. Міне, содан бері спортсүйер қауымның көңілінен шыққан бұл шараны Ұлы Жеңіс мерекесі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні құрметіне өткізу ізгі дәстүрге айналған.
Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күніне орай өткізілгелі отырған спорттық бұл шараның басты мақсаты – майдан даласында шәйіт болған боздақтарға, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, қала тұрғындары арасында жеңіл атлетиканы дәріптеу. Дәстүрлі эстафетаны ұйымдастырушылар – қалалық екі газеттің редакциясы, дене тәрбиесі және спорт басқармалары. Биылғы мерекелік эстафета Тәуелсіздік алаңында 5 мамыр күні, 11.00-сағатта өтеді. Жарыс М.Горький көшесінен Абай көшесінің бойымен «Менің Қазақстаным» монументіне дейінгі аралықта өтетін болады. Оған жоғары және орта оқу орындарының, еңбек ұжымдарының, ерлер мен әйелдердің командалары қатысады. Әр команданың құрамы 14 адамнан жабдықталмақ. Эстафета қорытындысы төрт топ бойынша шығарылады: жаппай білім беретін мектептер, орта арнаулы оқу орындары, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар мен ұйымдар. Жарыс кезеңдерінің кестесін қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінен
25-17-72 телефоны арқылы байланыс жасап алуға болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс