Қалалық мәслихатта

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен кеше алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс XV сессиясы болды. Сессияда сөйлеген сөзінде қала басшысы бюджеттік қаржыны тиімді жұмсау үшін бағдарламалардың жүйелі түрде орындалуын ескертті.

Депутат Мұрат Түкеевтің төрағалығымен өткен алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс XV-ші сессиясында «2017-2019 жылдарғы қалалық бюджет туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №С-7/3 шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатова хабарлама жасады. Аталған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды. Мүгедектерге қолдау көрсетудегі белсенді қоғамдық қызметі үшін Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Бауыржан Ғайса мен қалалық мәслихаттың депутаты Ғалымжан Көпішев «Үміт» қорының «Жыл адамы» медалімен, ал қалалық мәслихаттың депутаттары Сергей Зиборов пен Жанат Әбішев осы ұйымның алғыс хаттарымен марапатталды. Аталған награданы «Үміт» көмек қорының жетекшісі Бейбіт Башаров тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс