Қаламгерлерге құрмет

«Достар» мәдениет сарайында Ақпарат және байланыс мерекесіне арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова өңір ақпарат құралдары және байланыс саласы өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар, жарияланған байқау қорытындысы бо-йынша сертификаттар табыс етті.

«Өңірде 78 баспасөз, 19 электрондық БАҚ жұмыс істеуде. Бүгінгі күні журналистердің еңбегі мен қоғамдық өмірімізге қосып жатқан үлесі зор бағаға ие. Жекелеген қызмет түрлеріне қарамастан аталған мамандық өкілдері ақпараттық кеңістікті кеңейтуімен бір-бірімен үнемі тығыз байланыста, яғни қоғамдық пікірді қалыптастырып, адамдарды жақындастырады. Бұл күні өңір журналистикасында саналы ғұмырларын оқырман қауымға қалтқысыз қызмет етуге арнаған Бәдуан Имаш, Жұмабай Есекеев, Иван Перерва, Төлеген Қажыбай, Владислав Холин, Лариса Аитова, Бақберген Амалбек сияқты баспасөз ардагерлеріне зор қошемет білдіргім келеді. Сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз Ақмоланың оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеріне сенімдімін», – деді Айна Мысырәлімова өз құттықтауында.

Шара барысында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» белгісімен «Ақмола-Тіршілік» ЖШС-нің директоры Жабал Ерғалиев, журналистика ардагері Жанмұрат Жанайдаров, Астрахан аудандық «Маяк» газетінің редакторы Лидия Чернега, «Атбасар» аудандық газетінің редакторы Өмірсерік Шайхин марапатталды.  «Акмолинская правда» газеті редакторының орынбасары Раушан Өтеулина, «Көкшетау» газетінің тілшісі Гәкку Бәйішева, «Қазпошта» Астана филиалының пошташысы Раушан Мұхамедиева, «Казақтелеком» АҚ қызметкері Ақан Омаров және басқалары облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

Бұдан соң облыстық «Алтын қалам» байқауының қорытындысы жарияланды. Биылғы байқауға бұқаралық ақпарат құралдарынан 60-қа жуық материал түскен. Байқау қорытындысы байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні қарсаңында шығарылып, жеңімпаздар 15 аталым бойынша анықталды. «Үздік талдамалы материал», «Үздік репортаж», «Үздік сұхбат», «Ақмола облысы туралы үздік танымдық материал», «Үздік фотосурет», «Үздік бейнетүсірілім», «Үздік полиграфиялық ресімдеу», «Үздік публицистикалық материал», «Үздік теледидарлық бағдарлама», «Үздік блогер» сияқты аталымдарына лайықты деп танылғандар да өз сыйлықтарын иеленді. Олардың арасында «Ақкөл» аудандық газетінің бас редакторы Қуаныш Нұрсадықов, «Bnews kz» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі Әсел Тлеушева, Бурабай» газетінің бас релакторы Болат Рақышев, үздік блогер Татьяна Кондатович, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина және басқалары бар. Осы байқауда «Көкшетау» газетінің жауапты хатшысы Асхат Шәріпбаев «Үздік полиграфиялық ресімдеу» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімінде ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Серік Жетпісқалиев әріптестеріне Бас редакторлар клубының алғыс хаттарын табыс етті.

Салтанатты шара соңы жергілікті өнерпаздардың концертімен жалғасты.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий