Қаланың тазалығы – қатаң бақылауда

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 10 мамырда мемлекеттік органдар және коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өткізіп, шаһардың санитарлық тазалығына, құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды.

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің – 72 жылдығына арналған мерекелік шараларды ұйымдастыру және оны өткізу барысына қорытынды жасап өтті. Қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекені жоғары деңгейде өткізуге атсалысқаны үшін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысына ризашылығын білдірді. Бұдан әрі қала әкімі облыс орталығындағы әлеуметтік нысандардың құрылысына назар аударды. Неке сарайы, №18 орта мектепке қосымша құрылысқа қатысты мемлекеттік мекеме басшылары мен құрылыс бөліміне бюджет қаражаты игерілмей қалмасы үшін мемлекеттік сатып алулар конкурсын уақытылы өткізуді тапсырды. Қала әкімі Е.Маржықпаев Көкшетау қаласының сыртқы келбетіне қатысты пікірін алға тартты. Облыс орталығының санитарлық тазалық айлығының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Сондықтан абаттандыру мәселесі де назардан тыс қалмағаны жөн. Осы орайда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қоқысты тасымалдау, ағаш кесу, гүл егу жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды. Жергілікті полиция қызметіне қала сыртына заңсыз қоқыс төгу фактілерінің жолын кесу жүктелді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Ермек Қарағаев қаладағы Қуанышев, Полевой, Шевченко көшелері мен «Юбилейный» мөлтек ауданындағы жол қабатына жүргізілетін жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс