Қаланың қырағы күзетінде

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Қай уақытта болмасын құқық қорғау органдары ерлік пен табандылықтың мектебі болып саналатын. Сіздер де осы дәстүрге адал болып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қызмет істеп келесіздер. Қиындық көргенде шұғыл түрде сіздерге хабарласқандарда күн-түн демей көмек қолдарыңызды созасыздар. Сіздер үшін антқа адалдық, патриотизм деген ұғымдардың маңызы ерекше. Біз сіздермен біріге отырып, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыра түсуге ұмтылуымыз керек» деген Е. Маржықпаев қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Қанат Нұрмағамбетов пен жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Серік Зейнуллинге, осы саланың үздік қызметкерлеріне ескерткіш сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты жиын үстінде полиция қызметі туралы фильм тамашаланды. Жиын «Достар»  мәдениет сарайы шығармашылық ұжымдары мен полиция қызметкерлері күшімен ұйымдастырылған концертпен аяқталды.

Асхат Шәріпбаев.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий