Қаланың құрметті азаматтары

Халық пен ел тарихындағы құнды жазба деректерді жинастырып сақтау ісіне әуелгі замандардан бері мемлекеттік деңгейде мән беріліп келеді.  Мемлекеттік архивтер ел тарихының елеулі  кезеңдеріне, тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ, белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты жәдігерлер жинақтап отыр. Осында сақталған құнды құжаттарсыз тарихты зерттеу, ғылымның, мәдениет пен білім беру саласының дамуы мүмкін емес.

Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінде танымал жерлестерімізге қатысты жеке қор сақтаулы. Бұл өңірдің ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық салаларының дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға қатысты құжаттар. Архивте 60 жеке тұлғаларға қатысты қорда 2850 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде қаламыздың құрметті азаматтарына қатысты қорлар сақталған.

Көкшетау қаласында «Құрметті азамат» атағы  тұңғыш рет 1974 жылы, қаланың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында бекітілді.Осыдан 44 жыл бұрын «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағы алғаш рет аспап жасау зауытының ардагері Мағзи Әбілқасымов пен республикалық В.Куйбышев музейінің директоры Елена Куйбышеваға берілді. Салтанатты жиында оларға төс-
белгілер, ленталар мен куәліктер табыс етілді.

Қаланың құрметті азаматтары қатарында Бәйкен Әшімов, Қожахмет Балахметов, Ермек Серкебаев, Серікбек Дәукеев сияқты елімізге танымал тұлғалар бар. 1976 жылы қалалық атқару комитетінің шешімімен КСРО Халық әртісі, жерлесіміз Ермек Серкебаевқа қазақтың ән өнерін шет мемлекеттерде кеңінен насихаттап, әлемдік биікке көтергені үшін «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Қаланың құрметті азаматы атағына лайықты шетел азаматтары да бар. 1994 жылы Уокеш-Көкшетау бауырлас қалалар комитетінің атқарушы директоры Джек Дьюкс осы атаққа ие болды. 1998 жылы Рес-публика күні қарсаңында қаланың құрметті азаматы атанған Бәйкен Әшімов есімі тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де таныс. Б.Әшімов туған жері Көкшетаудың дамуы-
на сүбелі үлес қосқан тұлға. 2000 жылы көп жылғы еңбегі үшін Виктор Мартынов қаланың құрметті азаматы атанды. Оның жетекшілігімен қалада доломит, каолин, үй, темір-бетон комбинаттары, аспап жасау, фарфор, радио, сүт зауыттары, тігін фабрикасы, сондай-ақ, мыңдаған шақырым жер-
асты жылу-канализациялық трассалар, ондаған тұрғын үйлер, телеорталық, автовокзал, баспахана сияқты ғимараттар бой көтерді. «Көкшетау», «Достар» мәдениет сарайлары, қазақ театры жаңартылды. В.Мартынов республикалық маңыздағы нысан құрылыстарына белсенді қатысты.

2010 жылы қаланың құрметті азаматы атағына ие болған талантты актриса Жібек Бағысова өнердегі өрісті жолын 1957 жылы «Ботакөз» фильмінен бас-
тады. Әуел баста кино өнерінен басталған шығармашылық өмір 1959 жылы Талдықорған қаласындағы қазақ театр сахнасында жалғасты. 1960 жылы Қызылорда қаласына көшірілген театрдың құрамында нық орнығып, 40 жыл бойы өз көрерменіне қалтқысыз қызмет етті. Тынымсыз еңбек пен ізденім-
паздықтың нәтижесі жиырма жетіге енді ғана жеткен талантты актрисаны Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атандырды.  Жүрек-те өшпестей жатталған рөлдердің бірі – ұлы жазушы М.Әуезовтың «Қаракөзі». Тағы бір айшықты бейне Ш.Айтматовтың «Ана-Жер анасындағы» Әлиман бейнесі. Бүгінде екі дүркін Елбасының Алғыс хатын алған, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының халық әртісі Жібек Бағысова – Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының ақылшы әжесі.

Қаланың құрметті азаматтары қатарында түрлі мамандық өкілдері, айталық, дәрігерлер – Өмірбек Бәйкен, Болат Жанәділов, Тадеуш Янковский, ұстаздар – Вилли Бельц, Вера Гореликова, Күләш Темірбаева, құрылысшылар – Виктор Мартынов, Владимир Плюшко, жазушылар – Төлеген Қажыбай, Естай Мырзахметов, Виктор Терещук, спортшылар – Дмитрий Гааг, Владимир Смирнов, Мария Грабовецкая, Батырбек Оздоев, мәдениет саласының ардагерлері – Қапаш Құлышева, теміржолшылар – Қабдуахат Құсайынов, Владимир Луганский, Павел Николаев, сондай-ақ, басшылық лауазымда жұмыс атқарған Еркін Әуелбеков, Бейсен Жұмағалиев, Василий Зуб, Евгений Красноперов, Мақтай Сағдиев, Зура Шуатаева және басқа да құрметті азаматтардың жеке қорлары Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінде сақтаулы. Қалалар сонда тұратын адамдар қолымен тұрғызылады. Жоғарыда есімдері аталған тұлғалардың әрқайсысы қаламыздың дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Кейінгі буын ел тағдырын жеке мүддесінен биік қойған тұлғалардың өмір жолын өнеге тұтуы тиіс.

Тасболат КӘКПЕНОВ, Көкшетау мемлекеттік архивінің директоры.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий