Қаланы жылумен қамтамасыз етіп, тазалықты жақсартайық

Қала әкімінің белсенді қызметінің арқасында облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары ойдағыдай орындалып, отандық өндіріске қолдау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу және адамдарға қолайлы тұрмыстық жағдай туғызу мәселелері оң шешім тапқан. Әсіресе, қаламызда тұрғын үй құрылысы кең қанат жайып келеді.

Қала мекемелері, ұйымдары жетекшілерінің қатысуымен өткен жиында қала басшысы Ермек Маржықпаев бүгінгі таңдағы облыс орталығының қысқы маусымға дайындығына кеңінен тоқталды. Әсіресе, қаланы жылумен қамтамасыз етумен айналысатын мекемелердің дайындық қоры, жылу желілерінің жөнделуі, құбырлардың толық қапталуы, тұрғындардың жылу үшін қарыздарын өтеуі жөнінде келелі әңгіме қозғады. Сондай-ақ, қала басшысы таяу күндері өткелі отырған жалпықалалық сенбілікті ұйымшылдықпен өткізу керектігіне тоқталды. Қазіргі тиянақты өткізілетін сенбіліктердің қаланың қысқы тазалығына әсері мол. Жол бұрылыстары, суағарлар ағаш жапырақтарынан толық тазаланып, қалыпқа келтірілуі тиіс. Биыл күзде егілген ағаштар күтімі, жалпы ағаш түптерін әктеу тиянақты жүргізілу тиіс. Тұрғындардың қоқысты арнайы орындарға төгуін қадағалау жергілікті полицияның үнемі назарында болуы керек. Жиын соңында қала басшысы Ермек Маржықпаев қаланың қысқа дайындығына жауапты мамандар мен ұжым жетекшілерінен үнемі есеп алынатындығын ескертіп, түрлі тапсырмалар берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс