Қаланы көркейту – ортақ міндет

Өңір басшысы Ермек Маржықпаев пен қала әкімі Амангелді Смайылов облыс орталығындағы құрылыс, жол жөндеу, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

DSC_5912Алдымен облыс басшысы Абай-Набережная-Әуелбеков-Алтынсарин көшелерінің қиылысында орналасқан үйлердің ауласында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарына назар аударды. Бұл жердегі жұмыстардың мердігері – «Норд Жолдары» ЖШС. Өңір басшысы серіктестік директорына құрылыс жұмыстарын кестеге сай жүргізуді тапсырды. М.Ғабдуллин көшесіндегі жол құрылысы 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазір мұнда жылу құбырларын ауыстыру қолға алынған. Бұл жұмыстарды «Көкшетау Автодор» ЖШС жүргізуде. Жоба құны – 985,4 млн теңге. Облыс әкімі мердігерге басталған істі уақытылы аяқтауды тапсырды.
«Көкшетау» мәдениет сарайына биыл күрделі жөндеу жүргізілмекші. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынып, оған 207 млн теңге қаражат бөлінген. Бұдан әрі Ермек Маржықпаев Бұқпа тауындағы қарау алаңында болып, Ту тұғырды орналастыру үшін әзірленіп жатқан жұмыстың барысымен танысты. Қазіргі Ту тұғыр Абай көшесінің бастапқы тұсында тұрғаны белгілі. Ол жерге ұлы ақын, ғұлама Абайдың ескерткішін қою жоспарланған. Осы орайда, Ту тұғыр бұрынғы «Огни Көкшетау» мейрамханасының қасында әзірленіп жатқан алаңға орнатылмақшы. Көкшетаулық кәсіпкер Әсен Жақсылықов осы ғимарат пен оның аумағындағы жерді өз қарамағына алып, көркейту жұмыстарын қолға ала бастапты. Оның айтуынша, бұл жер алдағы уақытта қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналады. Ту орнатылатын алаң ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін толық да-йын болмақшы.
Аймақ басшысы облыстық әдебиет және өнер музейінде болды. Нысан осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңартылған болатын. Қазіргі уақытта ондағы жүздеген жәдігерлерді үйлестіріп, орналастыру үшін заманауи экспозицияларға тапсырыс беру қажет болып тұр. Ал, оған қыруар қаржы керек. Осы орайда, аймақ басшысы музей директоры мен мәдениет басқармасының басшылығына өзіне жеке қабылдауға келулерін өтінді. Облыс әкімі атақты ұшқыш Полина Осипенконың ескерткіші орнатылған сквердің жөндеу жұмыстарымен, қала көшелеріндегі биік үйлердің қабырғаларына салынып жатқан суреттердің нұсқаларымен танысты. Осы ретте, суретшілерге үйлердің қабырғаларына тұлғалардың бейнелерінен гөрі, пейзаждар салуды тапсырды. Аймақ басшысы №8 орта мектепте де болып, аталмыш білім ордасындағы күрделі жөндеу жұмыстарын оқу жылының басына дейін, тіпті тамыз айына дейін бітіруге тапсырма берді.
Таяу арада Көкшетау қаласында үш жерде «INMART» сауда желілері ашылмақшы. 8 мыңнан астам тауар түрі сатылатын сауда орны Көкшетау қаласында Боровской, Вернадский және Әуелбеков көшелерінде орналасады. «Dent Smile» балалардың жекеменшік тіс емханасы қазіргі заманға сай технологиялар мен құрал-жабдықтар орнатылған мекеме балалардың қызығушылығын туғыза отырып, олардың тістерін емдеуге арналған. Бұл жоба «Даму» бағдарламасы аясында және әкімдіктің қолдауымен іске асырылып отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий