Қаланы көркейту – ортақ міндет

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы абаттандыру және жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен Красный Яр бағытындағы оқу-тәрбие кешені ғимаратының құрылысының басында болған шаһар басшысы мердігер ұйым басшысына маңызды әлеуметтік нысан құрылысының мерзімінен кешіктірілмеуі тиістігін тапсырды. Орын алған олқылықтарды фирма өз есебінен қалыпқа келтірмек.

Бұдан соң қала әкімі Нау-рызбай батыр көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Осындағы 2,2 шақырым учаскеде қызу жұмыс бас-
талып кеткен. Жаңғырту жұмыстары барысында жарық бағандар, суағарлар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы жасалады. Вернадский, 13, 27 мекенжайындағы үй аулаларында жақын күндері абаттандыру жұмыстары басталады. Асфальт жабындылары жаңартылып, ағаш егіліп, көгалдандыру шаралары жүзеге асырылады. Жиектас орнатылып, жарықтандыру жұмыстары да жүргізіледі. Қала әкімі аулаларды аралай жүріп тұрғындармен, пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларымен кездесіп, мәселенің мән-жайына қаныға түсті. Шаһар басшысы тұрғындарға өз аулаларына ұқыпты қарау жөніндегі өтініш-тілегін білдірді. – Әрине қаланың әрбір қуыс-қалтарысының барлығын тазалап шығу мүмкін емес. Егер әрбір тұрғын қалаға деген ыстық ықыласын өздері тұратын аулаларын күл-қоқыстан тазарту арқылы көрсететін болса, бұл да бір үлгілі істің көрінісі болар еді. Қаланың тазалығына қала тұрғындары жа-уапты, – деді әкім. Рас, көрікті қалада айналасы гүлзар-баққа оранып, бұтасы мен ағашы жайқалған аулалар жоқ емес, бар. Бірақ, олар көп емес. Ауласын жөнге келтіріп, елдің игілігі үшін жанын салып жұмыс істеп жатқандарға ризашылығын білдірді қала басшысы.

Жұмыс сапарының соңында әкім Ғабдуллин көшесі бойындағы құрылыс алаңында болды. Мұнда күрделі жол жөндеу жалғасып, Қылшақты өзені арқылы жаңа көпір тұрғызылмақшы. Қала әкімі сала басшыларына жұмыстың барынша сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімінде аяқтауды тапсырды. – Біздің жұмыс қай жағынан алып қарасақ та барлығына жариялы түрде болуы керек. Тұрғындар атқарушы билік немен айналысып, қандай түйткілді мәселелерді шешіп отырғанын білуі тиіс, – деді Е.Маржықпаев.

Әсем ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий