Қаланы көркейту – өз қолымызда

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин облыс орталығының  дамуымен танысты. Сапар барысында өңір басшысымен Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек Бәйімбетов бірге болды. Бірқатар шағын аудандарды аралау барысында қала әкімі Ермек Маржықпаев жасалып жатқан оң өзгерістермен қатар, кемшін тұстарды да атап өтті.

Өңір басшысы алдымен Әуелбеков, Горький, Ақан сері, Сәдуақасов көшелерін аралады. Осы аумақта әлеуметтік маңызы зор нысандар құрылысын жүргізу жоспарланған. Атқарылатын жұмыспен жан-жақты танысу барысында облыс орталығының аумағын кеңейтуге бағытталған абаттандыру жобасының құжаттамасын даярлау туралы шешім қабылданды. Қаланың Петропавл бағыты бо-йынша аумағын аралау барысында Көкшетау-Петропавл трассасынан Сарыарқа мөлтек ауданына бұрылыс жасау жобасы, жол маңындағы жұмыс істемей тұрған ғимараттарды сүру, Васильков-Сарыарқа мөлтек аудандарының аралығын абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, спорт алаңдарын қалыпқа келтіру, көгалдандыру ұсынылды. Өңір басшысы Абылай хан даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұндағы жер үйлер сүріліп, көше аумағы кеңейген, көпір құрылысы жүруде. Автоәуесқойлар Әуезов пен Сәкен Жүнісов көшелерін байланыстыратын жол қабатына жоғары баға беруде. Сапар барысында Қопа көлі жағалауы маңындағы құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Жобалаушы В.Голубовский Қан орталығынан Қылшақты өзеніндегі көпірге дейінгі аралықта жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Айтылған пікірлерді тыңдай келе облыс әкімі М.Мырзалин қала әкімдігіне жобаны толықтыруды тапсырды. Қалалық билік облыс орталығын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізуде, бірақ әлі де атқарылатыны көп. Сапарды қорытындылаған өңір басшысы барлық бұрынғы мәдени дәстүрлерді жаңғыртып, көкшетаулықтардың әйгілі демалыс орны мәртебесін қалпына келтіру қажеттігін алға тартты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий