Қала дайындығы ширай түспек

Көкшетау қалалық мәслихатының 46-шы кезекті сессиясы болып өтті. Онда қала әкімі А.Смайыловтың 2020 жылдың бірінші жартысында атқарылған істер, таяуда өтетін еларалық форумға дайындық барысы жөніндегі есебі тыңдалып, қала бюджеті-нің кейбір пункттеріне, бірқатар комиссиялар тізіміне өзгертулер енгізілді. Сессияға депутат В.Ю.Шиманский төраға-лық етті.DSC_8258
А.Смайылов алдымен қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы жөніне тоқталып, хабарлама жасады. Індеттің аяққа тұсау болып, қыспаққа алғанына қарамастан қаланың «Камаз-Инжиниринг», «Асыл Арман», «Тыныс», «ЕНКИ», «Ақсай нан», «Агример-астық», «Регион строй» сияқты басты кәсіпорындары жартыжылдықты жақсы көрсеткіштермен қорытындылап, қаланың жалпы нәтижесіне игі ықпал еткен. Шағын және орта бизнес дамуында да ілгерілеушілік бар. Одан әрі әкім Ресей және Қазақстан басшылары қатысуымен өтетін өңіраралық форумға қызу дайындық үстіндегі облыс орталығындағы күрделі жоспар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Болашақ сарайы», Қылшақты үстіндегі көпірлер, жолдар мен су-жылу, тағы басқа желілерді жөндеу де жоспардан кешікпей, жүйелі жүргізіліп келеді.
Мінберге көтерілген қала әкімінің орынбасары Е.Төлеуов жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының жай-жапсарын одан әрі талдап айтып шықты.
Депутаттар әкім жұмысын жоғары бағалады. Ол туралы депутат М.Елубаев тоқталып, әріптестері оның пікірін бірауыздан қолдады. Сессияда қалалық мәслихаттың 2019 жылдың 24 желтоқсанындағы
№С-40/2 «2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті» жөніндегі шешімі, сондай-ақ, бюджеттік комиссия, қалалық әкімшіліктің персоналдық құрамына, әкімшілік жанындағы ұйымдасқан күреске қарсы күрес комиссиясының, діни бірлестіктермен жұмыс комиссиясының, жастармен жұмыс комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу, тағы басқа мәселелер қаралды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий