Қала дамуында кешеуілдеу жоқ

Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының орындалу барысы жөнінде партиялық тыңдау болып өтті. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Бекмағамбетов қатысқан жиында қала әкімінің орынбасары И.Юрченко осы тақырыпта баяндама жасады.

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, көпбалалы аналардың арыздарын қанағаттандыру мәселесінде игі ықпал етуде. Жалпы соңғы жылдары тұрғын үй , тағы басқа құрылыстар қалада екпінді жүріп жатыр. Сондай-ақ, қала көшелерін жөндеу, аулаларды абаттандыру, спорт, ойын алаңдарын салу үздіксіз жүргізілуде. Ғабдуллин, Ташенов көшелері күрделі жөндеуден өтуде. Биылғы жылы қаланың шеткі мөлтек аудандарының аулаларында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Мектептерге қосымша ғимараттар қолға алынған, 900 орындық жаңа мектеп салынуда. Әуезов-Темірбеков көшелерінің қиылысында 420 орындық оқу-тәрбие кешені салынбақ. Қалада жаңадан скверлер ашылып, саябақтар жандануда. Бұқпа тауының биігіне шығар баспалдақ, маңайды тамашалайтын алаңқай ашылды. Осының бәрі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асып жатқандығының айқын айғағы. Оған жиынға қатынасқан облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Партиялық тыңдауды қортындылаған Ғ.Бекмағамбетов мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы үнемі партия қадағалауында болатынын ескертіп, қала басшылығының бүгінге дейінгі атқарған жұмысында кешеуілдеу, тағы басқа кемшіліктердің жоқ екендігін атап өтті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс