Қала дамуы қарқын алды

Көкшетау қаласының әкімі А.Х.Смайыловтың есеп беру кездесуінде сөйлейтін сөзінің тезистері

Құрметті көкшетаулықтар!
Есеп беру кездесулері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізіледі және халықты толғандыратын аса маңызды мәселелерді анықтаудағы сындарлы диалогта маңызды құрал болып табылады.
Бүгін біз бірлесіп істеген жұмысымызды қорытындылаймыз және ағымдағы жылға міндеттер белгілейміз.
Соған байланысты, 2019 жылға Көкшетау қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып кетуіме рұқсат етіңіздер.
Қаланың өнеркәсіп секторында 94,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп саласында қызметтер көрсетілді. Нақты көлем индексі 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 101,8% көлемінде қалыптасты (13,5% – облыстың жалпы көлемінде) (2018 ж. 11 айында – 100,1% немесе 95,4 млрд теңге). Жылдың қорытындысы бойынша 106 млрд теңгені құрайды, НКИ – 101,5% болады деп күтілуде.
Өнеркәсіптің НКИ артуына «машина жасау» (НКИ – 123,4% немесе 27,4 млрд теңге) және «автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді өндіру» (НКИ – 172,7% немесе 17,3 млрд теңге) салалары бойынша өндіріс көлемінің өсуі елеулі ықпалын тигізді.
Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша өндіріс көлемінің тұрақты өсімі келесі кәсіпорындармен қамтамасыз етілді:
«КамАЗ-Инжиниринг» АҚ – 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 17,3 млрд теңге немесе 169,6%, 880 бірлік техника шығарылды (2018 жылдың қаңтар-қараша айларында – 10,2 млрд теңге сомасына барлығы 470 бірл. техника);
«Асыл-Арман» ЖШС – 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 5,7 млрд теңге немесе 110,7%, 47,4 млн дана буып-түю ыдыстары шығарылды (2018 жылдың қаңтар-қараша айларында – 5,2 млрд теңгеге 42,5 млн дана буып-түю ыдыстары);
«ЕНКИ» ЖШС – 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 3 млрд теңге немесе 110,9%, 105 мың. текше м. кірпіш шығарылды (2018 жылдың қаңтар-қараша айларында – 2,7 млрд теңгеге 107,8 мың текше м. кірпіш);
«Ақсай нан Көкшетау» ЖШС – 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 369,6 млн теңге немесе 135,7%, 1,6 мың тонна нан шығарылды (2018 жылдың қаңтар-қараша айларында – 272,4 млн теңгеге 1,3 мың тонна нан);
«Регионстрой» ЖШС – 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 611,6 млн теңге немесе 123,4%, 66,7 мың тонна бетоннан жасалған бұйымдар шығарылды (2018 жылдың қаңтар-қараша айларында – 495,6 млн теңгеге 59,9 мың тонна бетоннан жасалған бұйым).
Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің көлемі 5,1 млрд теңгені құрады, НКИ – 100,0% (2018 жылдың 11 айына – 5,5 млрд теңге, НКИ – 100,9%). Жылдың қорытындысы бойынша 5,6 млрд теңгені құрайды деп күтілуде, НКИ – 100,2%.
Болжамды мәліметтер бойынша ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша «Негізгі капиталға инвестициялар» және «Құрылыс жұмыстарының көлемі» екі көрсеткіш бойынша НКИ 100,1% деңгейінде күтілді. Алайда, статистика органдарымен 2018 жылғы 11 айының базасын қайта есептегенде өткен жылдың инвестициялар көлемі 1,1 млрд теңгеге және құрылыс жұмыстарының көлемі 1,7 млрд теңгеге артты, сәйкесінше өткен жылғы НКИ көрсеткішіне қарағанда негізгі капиталдың инвестициялары 98,9% дейін және құрылыс жұмыстарының НКИ 99,8% төмендеді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 36,4 млрд теңге (2018 жылдың 11 айына – 35,5 млрд теңге, НКИ – 119,0%) деңгейде қалыптасты. Жылдың қорытындысы бойынша 41,2 млрд теңгені құрайды деп күтілуде, 2018 жылдың деңгейіне қарағанда өсімі 2,5 млрд теңге, НКИ – 100,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,1 млрд теңгені құрады, (2018 жылдың 11 айына – 18,8 млрд теңге, НКИ – 126,8%). Жылдың қорытындысы бойынша 19,5 млрд теңгені құрайды деп күтілуде, НКИ – 100,1%.
Есептік кезеңде 164,7 мың ш.м. тұрғын үй берілді, НКИ – 105,1% (2018 жылдың 11 айына – 156,8 мың ш.м., НКИ – 100,8%).
2019 жылдың қорытындысы бойынша 186,2 мың ш.м. тұрғын үй енгізіледі. НКИ – 113,3% құрайды. Пайдаланымға жалпы ауданы 69 951 м2, 462 жеке тұрғын үй, жалпы ауданы 6 643 м2 үш 40 пәтерлі тұрғын үй енгізілді (позиция 2,3 және сыртқы инженерлік желілерсіз), жалпы ауданы 7 342 м2 үш 35 пәтерлі тұрғын үй (позиция 1, 2, 5) және Центральный шағын ауданында жалпы ауданы 2 321 м2 9 қабатты 28 пәтерлі тұрғын үй («Әдемі Холдинг» ЖШС), жалпы ауданы 4 973 м2 екі 45 пәтерлі тұрғын үй (позиция 1, 2), жалпы ауданы 15 275 м2 9 қабатты 130 пәтерлі тұрғын үй коммерциялық бөлмелерімен 1 ш/а, 8/4 учаскеде («Көкшетау Жолдары» ЖШС), жалпы ауданы 7000 м2 9 қабатты тұрғын үй Әуелбеков көшесі 41 («М-Ариастрой» ЖШС), жалпы ауданы 9933 ш.м. 9 қабатты қонақжай үлгісіндегі жатақхана («Асыл-Арман» ЖШС), жалпы ауданы 4513 м2 48 пәтерлі, 9 қабатты тұрғын үй М.Әуезов көшесі 213 К
үй («Кокшетау Риал Строй» ЖШС), жалпы ауданы 6404 м2 88 пәтерлі 9 қабатты «Жеңіс» ТҮК Ақан Сері көшесі 51 үй («АлуаСтрой» ЖШС), жалпы ауданы 7268 м2 90 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй Юбилейный шағын ауданы 35Б ( СК «Регион строй» ЖШС), жалпы ауданы 1940 м2 18 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй Көктем шағын ауданы
8 Б (ОО «Каратэ До»), жалпы ауданы 1673 м2 28 пәтерлі 8 қабатты тұрғын үй Сарыарқа шағын ауданы (№3 учаске, №1 корпус, А блогы), («Кокше-Сити-2050» ЖШС), жалпы ауданы 17 221 м2 175 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй кешені Абылай хан даңғылы, 1 («К.Г.С. САудА» ЖШС).
Шағын және орта бизнес саласында 2019 жылдың 1 желтоқсанға қалыптасқан жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көлемі 2018 жылғы кезеңге қарағанда 22 бірлікке өсті және 19289 құрады. Соның ішінде қолданыстағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көлемі 15268 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,8% артық. Шағын бизнес субъектілерінің қызметінен бюджетке түскен түсімдердің сомасы 14,1 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың деңгейіне қарағанда түсімдер 32% артты.
Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы қолданыстағы және жаңадан құралған кәсіпорындарда 618 жаңа жұмыс орны ашылды. Жылдық жоспар 641 жұмыс орны 96,4% орындалды. Бөлшектеп сату саудасының айналымы өткен жылдың деңгейіне қарағанда 9,2% артты және 150,4 млрд теңгені құрады (2018 жылдың 11 айына – 137,7 млрд теңге, НКИ – 106,3%).
Тауарлар мен қызметтерді тұтыну бағаларының индексі ағымдағы жылдың қараша айында өткен айға қарағанда 100,7% құрады.
Тауарлар мен қызметтерді тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың өткен айына қарағанда 100,7% құрады. Тауарлар мен қызметтердің құрылымында 2019 жылдың өткен айына бағалар индексі тауардың азық-түлік тобында 101,2%, азық-түлік емес топта – 100,6%, халыққа ақылы көрсетілетін қызметтер – 100,2%.
Тауарлардың азық-түлік тобында өткен аймен салыстырғанда бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны бағасының 4 теңгеге (2,6%), бірінші сұрыпты бидай ұнына 8 теңгеге (5,7%), 2,5% пастерленген сүтке литрі 4 теңгеге (1,8%), 3,2% пастерленген сүтке литрі 5 теңгеге (2,0%), қаймаққа 20 теңгеге (1,9%), сары майға 201 теңгеге (9,9%), сиыр етіне 11 теңгеге (0,7%), жұмыртқаның он данасы 29 теңгеге (12,2%), қара, байха шайына 68 теңгеге (2,6%) өсімі тіркелді. Шекер қанттың құны 16 теңгеге (7%), түйінді пияз 2 теңгеге (2,1%), сәбіз 2 теңгеге (1,9%) арзандағаны байқалды.
Тауарлардың азық-түлік емес тобының бағасы өткен айдың деңгейінде қалды.
Дәрі-дәрмектің бағалары өткен аймен салыстырғанда дәрумен препараттары бағаларының 7 теңгеге (1,1%) өсуі тіркелді.
Ақылы қызметтердің бөлек түрлеріне тарифтер. Өткен аймен салыстырғанда суық су бағасының 3,82 теңгеге (5,1%) өсімі тіркелді. Сұйытылған газ (баллон 50 литр) төлемінің 90 теңгеге (2,7%) арзандағаны тіркелді.
Энергия тасымалдаушының құны өткен аймен салыстырғанда АИ-95,96 бензиніне бағаның 1 теңгеге (0,6%) өсімі тіркелген, қысқы дизель отыны 8 теңгеге (3,0%) өсті.
Білім беруді дамыту нысаналы индикаторларының бірі 3 жастан бастап 6 жас аралығында мектепалды тәрбиемен және балаларды оқытумен толық қамту болып табылады. Есептік күнге аталған көрсеткіш 100% құрады.
1 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамту 58% құрады (2019 ж.01.12. жағдай бойынша кезекте 277 бала тұр (0-6 жасқа дейін).
Есептік кезеңде экономиканың нақты секторында жылдық жоспардан 2062 жұмыс орны ашылды немесе 107,4% (жоспар – 1 920 жұмыс орны) (2018 жылдың деңгейіне қарағанда 100,1%, 2060 орын).
Жұмыспен қамту қызметінің қолдауымен жұмыспен 2 298 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмыс орнына 1 861 адам орналастырылды, бұл ретте жұмыспен қамтылғандардың үлесі 73,2% адамды құрайды, жүгінгендер – 3 138 адам (жоспар 2000 адам), (2018 жылдың деңгейіне қарағанда 120,6% немесе
2 601 адам), (жүгінгендердің ішінен тұрақты жұмыспен қамтылғандардың үлесі 59,3% құрайды).
Орташа айлық жалақы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына 143 636 теңгені құрады (2018 жылдың қаңтар-қыркүйегі – 125 115 теңге).
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылға жоспарланды және жолдама берілді.
Бірінші бағыттың шегінде «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету»:
– еңбек нарығында талап етілген мамандар мен жұмыс кадрларын қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 305 адам жоспарланған, оқытуға 305 адам жолданды немесе жоспар бойынша 100%.
Екінші бағыттың шегінде «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға 668,0 млн теңге сомасына 61 адам микронесие алды.
Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін барлығы 75 өтеусіз грант берілді, оның ішінен республикалық бюджет есебінен отызы 100 АЕК (7 575 млн теңге), 15 екі жүз АЕК (7575 млн теңге), сонымен қатар, Ұлттық қордан 30 екі жүз АЕК (15 150 млн теңге).
Үшінші бағыттың шегінде «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту»:
– әлеуметтік жұмыс орындарына: жоспар бойынша 55 адам орналасты, 78 адамға жолдама берілді немесе жоспар бойынша 141,8% ;
– жастар тәжірибесіне: жоспар – 120 адамға жасалды, жолдама алған 142 адам немесе жоспарға сай 118,3%;
– қоғамдық жұмыстарға: жоспар – 200 адамға жасалды, жолдама алған 217 адам немесе жоспарға сай 108,5%.
2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Көкшетау қаласының аумағында Бірыңғай сотқа дейін тергеу тізілімінде барлығы 3 826 қылмыс тіркелді, оның ішінде 1 369 қылмыс ашылды. Сотқа – 431 іс жолданды.
Назарларыңызға рахмет.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий