Қала дамуы қарқын алды

Красный Яр ауылдық округінің әкімі Н.К.Айсиннің есеп беру кездесуінде сөйлейтін сөзі

Құрметті Красный Яр
ауылының тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі және өңірлерді дамыту мәселелері туралы айтылғаны біздің көңілімізге жақты. Аймақтардың дамуы елді мекендердің дамуы дегенді білдіреді. Осыған орай Көкшетау қаласының жанындағы Красный Яр селосында жүргізілген жұмыстар туралы баяндамамды қабыл алыңыздар.
Бүгін біз 2019 жылға қорытынды жасау және 2020 жылға арналған даму перспективаларын белгілеу үшін кезекті есептік кездесуге жиналып отырмыз.
Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтардың өтініштеріне мұқият талдау жүргізді. Осылайша, әкім аппараты қызметінің назары келесі мәселелерді шешуге шоғырландырылды.
Егер былтыр, 2018 жылы жолдарды жөндеуге қалалық бюджеттен 40 млн тг. қаражат бөлінсе, 2019 жылы жолдарды жөндеуге қалалық бюджеттен 85 млн тг. қаражат бөлінді.
Чайкино ауылы Красный Яр ауылдық округінің құрамына кірмейді, бірақ Көкшетау қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша халықпен кездесулер жүргізіп шешімін таппаған мәселелерді анықтаймыз.
Ауыл тұрғындарының өтініштері бойынша қалалық бюджеттен 4,6 млн тг. қаражат бөлініп, барлығы 36 бағанға светодиод шамдар орнатылды.
Қысқы кезеңде округтен 5000 текше метр қар шығарылды, бұл аулаларды су басу қаупін төмендетуге мүмкіндік берді.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» 2 экологиялық акциясы өткізілді, оған 1830 ауыл тұрғыны, 27 бірлік техника қатысты, 920 текше метр қоқыс шығарылды.
Красный Яр ауылының учаскелік полиция инспекторларымен барлығы 630 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 5 млн 349 мың 273 тг., 3 млн 829 мың 106 тг., сомаға айыппұл өндірілді.
2018 жылдың соңында «Құлагер» атшабар аумағында Нұрлы көш шағын ауданында тұрғын үйлерді қар басып қалудан қорғау үшін 100 алма, 100 қайың, 200 акация ағаштары отырғызылса, биыл сол жерде 120 ағаш қосымша отырғызылды.
Красный Яр ауылдық округінде 134 көпбалалы отбасы бар. Олардың 91-і Красный Ярда, 43-і Нұрлы көште тұрады. Оның ішінде АӘК 84 отбасына тағайындалды.
2019 жылдың сәуір айында жаңа тағайындау форматы енгізілгеннен кейін АӘК 2019 жылдың сәуір айынан бастап желтоқсанға дейін 190 383 522 тг сомасына 219 отбасы ресімделді. Оның ішінде шартты ақшалай көмек – 174 отбасына, ал шартсыз ақшалай көмек – 45 отбасына көрсетілді.
2019 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейін қиын жағдайға тап болған 228 отбасына жалпы сомасы 9 396 000 теңгеге материалдық көмек көрсету бойынша жұмыстар қамтылды.
Красный Яр ауылдық округінде орналасқан қалалық кітапхана филиалы 77 іс-шара өткізді, келушілер саны 2672 адамды құрады.
2019 жылы 241 бала дүниеге келді, өлім-жітім 98 адамды құрады. 2018 жылмен салыстырғанда өлім-жітімнің төмендеуі мен бала туудың өсуі байқалады.
Округте 2 орта мектеп, 1 қазақ тілінде білім беретін көпсалалы №3 мектеп-гимназиясы бар және №3 агротехникалық колледж, 2 мектепке дейінгі мекеме бар.
Ауылдық округте бокс, қазақша күрес, кикбоксинг, ұлттық спорт түрлері бойынша спорт секциялары бар, онда ауылдық округтің 521 тұрғыны спортпен және дене шынықтырумен белсенді айналысады.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 183 бірлікті құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 4,5%-ға өсті.
61 кәсіпкерлік нысан халықты азық-түлікпен және халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етеді, жұмыс істейтіндердің жалпы саны – 220 адам.
2019 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы мал шаруашылығын дамытуға 6 жеке кәсіпкер 23 млн 60 мың теңге несие алды.
2017-2020 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға 23 млн 60 мың теңге көлемінде 6 несие алынды.
2019 жылы ауылдық округ аумағында «Билборд» ЖШС 5000 бас ІҚМ бордақылау алаңының, өнімділігі сағатына 250 кг «Каскенов және компания» ЖШС жемшөп цехының құрылысы басталды.
Инвестициялық жобаларды іске асыру:
«Ветер Инвест Кокшетау» ЖШС 5 электр қуатын шығаратын жел электр станцияларын орнатты. Қуаттылық көлемі 3,75 меговатт. Биыл көктем айында тағы 5 электр қуатын шығаратын электр станцияларын орнату жұмыстары басталмақ.
Красный Яр ауылдық округінде жеке аулаларда 1317 бас ірі қара мал (ІҚМ), 3987 ұсақ қара мал (ҰҚМ) тіркелген.
Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылық дақылдарын өсірумен 14 ауыл шаруашылық құрылым-дары айналысады: 4642 тонна дәнді дақылдар, 1296 тонна майлы дақылдар, 791 га картоп, 211 га көкөніс, 60 га біржылдық шөп жиналды.
Заңдылықты және құқықтық тәртіпті 4 учаскелік полиция қызметкерлері, 2 жедел уәкіл, 3 кезекшінің көмекшісі және 1 МЮП қызметкері (ювеналдық полиция тобы, кәмелетке толмағандар ісі бойынша), 1 тергеуші, 1 жүргізуші жүзеге асырады.
Криминалдық полиция желісі бойынша ағымдағы жылдың 12 айында 110 қылмыс тіркелді, оның ішінде 93-і ашылды (оның ішінде бұрын жасалған қылмыстар және ЖІШ – 16), 17-і ашылмаған, ашу пайызы – 84,5% құрады.
Жеке мәселелер бойынша 123 азамат қабылданды.
Барлығы 203 өтініш қабылданды, жеке тұлғалардан – 174, заңды тұлғалардан – 29.
Құрметті жерлестер және осы кездесуге қатысушылар баршаңызды жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылда жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий