Қала келбеті жаңа нысандармен айшықталады

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қаланың сәулеттік келбетін жақсарту, облыс орталығында бой көтеріп жатқан жаңа нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қалада жеңіл автокөліктер көбейгендіктен, оған қажетті бөлшектер сататын орталықтар үлкен сұранысқа ие болуда. Жақында ашылған «Старлайн» фирмалық дүкені тұтынушылардың көңілінен шығып үлгерген.  Мұнда жеңіл көлікке қажетті автобөлшектің 400-ге жуық түрі сатылады. Менеджерлер осындағы бейнекамералар, майлар мен техникалық сұйықтықтар, басқа да қосалқы бөлшектер тұтынушыға қолжетімді бағада деп есептейді. Дүкеннің сатылым бөлімінің менеджерлеріне телефон шалып, автокөлік қанаттары, капоттар, кергіштер, арқалықтар, сондай-ақ, бамперлер, радиаторлардың торларын, фарлар, ауқымды шамдар мен көптеген басқа бөлшектерге тапсырыс беруге болады. Соңғы жылдары облыс орталығында маңызды нысандар құрылысы қарқын алуда. Қаладағы Уәлиханов көшесінің Астана бағытына шығар тұсында бірқатар жаңа нысандар бой көтеруде. Солардың бірі – «Автохит» автокешені. Кешенде көлік жуатын бокстар, техникалық қызмет көрсету стансасы, демалу бөлмесі жəне дәмхана қарастырылған. Мердігер ұйым өкілі жаңа заманға лайықтап салынған автокешен құрылысы алдағы айларда аяқталатынын жеткізді. Әкім сала басшыларына жұмыстың барынша сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімінде аяқтауды жүктеді. Құрылыс материалдарының сапасына назар аударып, сапалы материалдар қала көшелеріне көрік беретіндей болуы керектігін айтты. Уәлиханов көшесінің бойында сауда, ойын- сауық кешені, «Бипэк Авто» автосалонының құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады деп күтілуде.

Әсем ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий