Қала көркейе түседі

Өңір басшысы Ермек Маржықпаев пен қала әкімі Амангелді Смайылов Көкшетаудағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен таныс-ты. Тұрғындардың тұруы үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында, бөлінген 10 млрд теңге сомаға шағын аудандарды байланыстыратын жаңа жолдар салынады.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Центральный шағын ауданынан Сарыарқа шағын ауданына дейiн (2,0 км) Ғабдуллин көшесiндегі жолды реконструкциялаудың барысымен танысты. Сондай-ақ, Васильковка, Көктем және Сарыарқа шағын аудандарының арасындағы жол құрылысын тексердi, құны – 749,986 миллион теңге. Сонымен қатар, өңiр басшысы Сүлейменов көшесiндегi көпiрден бас-тап «Жiбек жолы» сауда үйiнiң жанынан Әуезов көшесiне және одан әрi Уәлиханов көшесiне дейiн жолды реконструкциялау жұмысымен танысты, жобаның жалпы құны – 469 280 миллион теңге. Қазiр Буденный көшесiнен бастап Сүлейменов көшесiне дейiн жаңа асфальт жамылғысын төсеу жүргiзiлуде. «Көп жолдар реконструкцияланатын болады, жол жөндеуге ғана бiз шамамен 1,5 млрд теңге бөлдiк. Назарбаев даңғылы толығымен жаңартылады. Қопа көлiнiң бойымен жаңа жолдың құрылысын бастадық. Коронавируспен байланысты бүгiнгi жағдайды ескере отырып, жаңа техниканы сатып алуға үлгердiк, отандық өндiрiс материалдарын қолдану жұмысы қолға алынды. Жолдың екi жағынан енi 3 метр велосипед жолы, жарықтандыру қарастырылды, асфальт жамылғысымен 14 метр жаңа жолдарды салуға және жөндеуге биылғы жылы қаражат бөлдiк», – деп атап өттi өңiр басшысы. Қала тұрғындарының тұруы және қонақтар үшiн қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында, Кенесары көшесiнен бастап Қопа көлiнiң бойымен Қан орталығына және одан әрi Сарыарқа шағын ауданына дейiн жол құрылысы жоспарланды. Жаңа жол қаланы көлден бөледi, көшелерден келетiн барлық су тазалау құрылғылары арқылы өтедi. Олар ерiген және жаңбыр сулары өтетiн үш жерде қойылатын болады. Сондай-ақ, жаяу жүргiншi және жағажай аймағы, велосипед жолының құрылысы қарастырылды.

 

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий