Облыс әкімінің жұмыс сапары

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тола-йым табыстармен қарсы алу мақсатында Көкшетау қаласында жаңа өндірістік-әлеуметтік нысандар көптеп ашылып, көшелер күрделі жөндеуден өткізіліп, көп қабатты үйлердің маңында ойын және спорт алаңдары жасалып, аулалар абаттандырылуда.

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин 20 шілдеде Көкшетау қаласындағы «Grand Royal Bottlers» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде, №2 жылу қазандығында болып, православ храмының және неке сарайының құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Әуезов, Капцевич көшелерінің бойындағы жол жөндеу жұмыстарының сапасына, «Васильковка» мөлтек ауданының аулаларын абаттандыруға және Астанаға шығар жол бойындағы зираттардың сыртқы қоршауларын орнатылуына да назар аударды. Өңір басшысымен бірге сапар кезінде Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды. 

Облыс әкімі Сергей Кулагин кеше Көкшетау қаласының бірқатар тұрғын үй-коммуналдық және құрылыс н7ысандарында болып, атқарылып жатқан істің барысымын егжей-тегжейлі танысты. Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, бірқатар ведомстволар мен ұйымдардың жетекшілері бірге болған.

Алдымен өңір басшысы «Grand Royal Bottlers» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған инвестжоба – арақ-шарап зауытында болды. Жоба құны 1,3 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап толық қуатында жұмыс істейтін болады. Серіктестік директоры Сергей Кимнің айтуынша, мұндағы технология өнім сапасына қойылатын еуропалық стандарттарды мүлтіксіз орындауға мүмкіндік береді. Өңір басшысы озық технологияға негізделген кәсіпорынның тірлік-тынысы, алдарына қойған мақсаттары жайында пікір алмасты. Облыс әкімі шаһардың сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру бойынша жүргізілген жұмыстармен та-нысты. «Васильковка» мөлтек ауданындағы күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан үй аулаларын барып көрді. Қазір мұнда асфальттық жабындылар жаңартылып, ағаш егіліп көгалдандыру шаралары жүзеге асырылады. Ендігі мәселе – аула тазалығы мен қауіпсіздігін тұрғындардың өздері қамтамасыз етулері керек. Бұл өз кезегінде көптеген қордаланған көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді дейді сала басшылары. Өңір басшысы абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындар талап-тілегіне де құлақ түрген жөн дейді. Мұндағы құм төселген алаңдар, асфальтталған жаяу жүргіншілер жолдары қаламызды көгалдандыру және көркейту мақсатында шын мәнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айғақтайды. – Қаланы дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Ендігі жерде жұмыстардың ойдағыдай орындалуы өзіміздің қолымызда,–деген облыс әкімі абаттандыру, көгалдандыру және ішкі әрлеу жұмыстарына қатысты өз ойын айтып, кемшін тұстарды тез арада қалпына келтіруге нақты тапсырмалар берді. Бұдан соң облыс әкімі Православ храмының құрылысында болды. Қазіргі уақытта ғимараттың бірінші қабатындағы жұмыстар аяқталып қалған. –Бұл атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы қала тұрғындарының игілігі үшін. Сондықтан бірінші кезекте оның сапасына көңіл бөлуге тиіспіз,–деді өңір басшысы. Облыс орталығында салынып жатқан неке сарайының бірінші қабатының қабырғалары қаланып, ішкі инженерлік желілер тарту, әрлеу жұмыстары жүргізілген. Облыс әкімі биылғы жылдың мамырында пайдалануға берілген тоғыз қабатты «Капитал» тұрғын үй кешенінде болып, осындағы заман талабына сай фитнес клуб, жертөледе орналасқан жаңа автотұраққа жоғары баға берді.
Келесі кезекте өңір басшысы Әуезов көшесі бойына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының жайымен танысты. Горькийден Кенесары көшесіне дейінгі учаскелердегі шұңқырларды тегістеуге 1,8 миллион теңге жұмсалған. Сондай-ақ, Кенесары көшесінен Краснояр шатқалына дейінгі, Набережная көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі учас-келерге жөндеу жұмыстарын «Көкшетау жолдары» серіктестігі жүргізген. Ал, Капцевич көшесіндегі күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 805,9 миллион теңге қаражат бөлінген. Вавилов көшесінен Горькийге дейінгі учаскелерде жиектас орнатылып, жарықтандырылған. Жөндеу жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Мир көшесінен теміржол көпіріне дейінгі учаскедегі жоба құны 226,7 миллион теңгеге бағаланған. Қазір мұнда асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда. – Көкшетау қаласы өзінің тазалығымен, экологиясымен және жасыл желегімен танымал. Сол себепті жасыл желектерді сақтау және оны арттыруға, сондай-ақ, санитарлық тазалық талаптарының сақталуына ерекше мән беру қажет. Тазалыққа тек қана қалалық коммуналдық қызметтер ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары да ортақ, қаламыздың таза, көрікті, жайлы әрі әдемі болуына бірлесе ат салысулары тиіс. Бірлесіп істеген іс нәтижелі болмақ, – деді облыс әкімі. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Астана бағытындағы күрежол бойындағы зират айналасын қоршау жұмыстарын барып көріп, атқарылған шараға көңілі толатындығын жеткізді.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс