Қала сыртын тазарту қолға алынды

Көкшетау қаласының аумағын қоқыс орнына айналдырып, тұрмыстық қалдықтардың қолдан жасалған үйінділері қоршаған ортаға зиянын тигізіп келеді. Бұл мәселе қала әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынған еді. Биыл осы мақсатқа облыстық бюджеттен 5 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, «Аника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тазарту жұмыстарын бастап кетті.

Басты мақсат – қала аумағындағы барлығы 8 мың гектар жерді қоқыстан түгел арылту. Қар түскенше 4 мың текше метр жер тазартылмақ. Бұдан бұрын да, қазір де халық тұрмыстық қалдықтарды тиісті полигон аумағына емес, қала маңына төге салуды әдетке айналдырып келген. Енді бұл мәселе қатаң бақылауға алынбақ. «Аника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бұқпа» мемлекеттік мекемесіне қарайтын «Шағалалы», «Бірлік», «Шау-
қарға шоқысы» сияқты учаскелерден күніне 200 тоннадан астам қоқыс-ты алып тастамақ. Оны қабылдайтын полигон бақылаушыларымен де келісім-шарт жасалған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасына қарасты «Бұқпа» мемлекеттік мекемесінің директоры Марат Рахметуллин айтты. Осы істі атқаруға 5 бірлік техникасы жұмылдырылған. Таңғы 8-ден жұмыстарын бастайтын олар айналасы он күннің ішінде қала маңын түгел тазартпақшы. Мұнымен қоса табиғатқа жанашырлықпен қарау туралы түрлі акциялар ұйымдастыратын мекеме бұл жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермек.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс