Қала тазарып қалды

Көкшетауда көктем мезгілінде ұйымдастырылатын дәстүрлі санитарлық тазалық айлығы аясында сенбілік өтті. Қала әкімі Амангелді Смайылов Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен бірге Төлеген Досмағанбетов атындағы студенттер саябағына қарағай көшеттерін егу шарасына қатысты. 

Сенбілікке қаламыз-дағы барлық мекемелер, басқармалар, мектеп, оқу орындары да кірісіп кетті. Іске кіріскендер тапсырма берілгендіктен емес, өз қалаларының тазалығына, гүлденуіне арнайы уақыт бөлінгеніне ризашылықпен атқарып жатты. Бұл жолы басымдық қаланың шеткері орна-ласқан аудандарына, өзен-көлдердің жағасын тазалауға берілді. Жұмыс құралдарымен қаруланған тұрғындар аз уақыттың ішінде бірқатар аумақты күл-қоқыстан тазалап шықты.  Сенбілік аясында Қопа көлінің жағажайы қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, бұл күні ағаш отырғызу, олардың түптерін әктеу жұмыстары да атқарылды. Красный Яр бағытындағы жолайырығынан бастап, саяжай бойындағы жол жиегі, Абай көшесіндегі Досмағанбетов атындағы сквер, Орталық саябақ, Даңқ Аллеясы, Бұқпа тауының бөктері мен алаңқайлары, Красный Яр, Станционный селолық округтері тазартылды. Соның арқасында Көкшетау қаласы тазарып, жаңарып қалды. Оған қатысқан жандардың бірі де қалмай белсенділік танытты. Сенбілікті ұйымдастырушылардың алдағы жоспарында көшелерді қоқыстан тазартып, қорыстарды тазалау, ағаш талдарын бұталау, қаланың қоршауларын сырлап, ақтап, тал-терек егу жұмыстары бар.

Ә. Құлжанова.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий