Қала тарихынан сыр шертіп…

Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінде Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген шара барысында Краснояр агротехникалық колледжінің студенттері мен №1 Краснояр орта мектебінің оқушылары облыс орталығының тарихы жайлы қызықты мәліметтермен қанықты. 

Марат ЖҮНІСОВ,
Көкшетау мемлекеттік қалалық архивінің архивисі

«Тұңғыш Президент: 25 табысты жыл» тақырыбымен өткен шара барысында архив мұрағатындағы тарихи фотобейне құжаттар көпшілік назарына ұсынылды. Онда өнеркәсіп, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы архивтік құжаттар мен фотосуреттер жинақталған. Елбасының және басқа да қоғамдық қайраткерлердің қаламызға жасаған сапарлары, мәдениет пен спорт саласындағы жетістіктер жайлы құнды деректер баршылық. Облыс орталығында жаңадан ашылған «Енки», «Новопэк», «Агример-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, қан орталығы, теннис орталығы жайлы мәліметтермен танысуға болады. Сонымен бірге «1991-2016 жылдарғы Көкшетау қаласының хронографы» электрондық кітабының тұсаукесері өткізілді. Мұнда 48 фотосурет жинақталған. Оның 28-і мемлекет қамқорлығындағы тарих, сәулет, монументальды өнер туындылары жайлы сыр шертеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс