Қала тынысы қайта ашылғандай!

Мамырдың аяғын ала жеткен аптап ыстықта балаларға «Болашақ сарайы» алдындағы субұрқақ ерекше бір қызық сыйлаған нысан болды. Біресе жуасып, біресе биікке екпіндей көтерілген субұрқақ арасымен өтуге тырысқанда оның тосын «мінезіне» таңғалған балалар мәре-сәре! Үсті-басының кенеттен су болғанын төбеден күн төніп тұрғанда бала уайымдар ма?! Су арасындағы жолға қайта-қайта жүгіреді. Ыстық күндері балдырған биыл осындай қуанышқа кезікті.
Күн еңкейе көл маңайына келушілер саны күрт көбейеді. Ол маңай түн ортасында да самаладай жарық. Расында да көпқабатты үйдің төрт қабырғасына қарап отырғанша мынадай ыстықта жайлы жағалауда самалға кеуде тосып сейілдегенге не жетсін! Көпшілікке қарап тұрып, қала тынысы қайта ашылғандай әсерде боласың. Тек, егілген талдар, төселген жолдар, қойылған орындықтар, ойын, спорт жабдықтарын сындырмай, тазалық сақтауды естен шығармайық. Құрылыс жұмыстарының жалғасуына қарағанда бұл қуанышымыз бұдан да арта түспек қой. Бүгінгі барымызды сақтасақ, ертеңіміз бұдан да көркем болмағын естен шығармайық.

Серік Сапарұлы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий