Қала тұрғындары қалт айтпайды

Қала әкімі Ермек Маржықпаев тұрғындармен өткізген есепті кездесу барысында алға тартылған өтініш-тілектерге қатысты бірнеше үйді өз көзімен көріп қайтуға уәде еткен-ді. Бұл жолы шаһар басшысы Құдайбердиев, Саин көшелері мен «Юбилейный» мөлтек ауданындағы бірқатар баспаналардың жертөлелерінің жайына қанық болды.

№1 орта мектепте өткен есепті кездесу барысында Құдайбердиев көшесіндегі 35 үйдің тұрғындары жертөлелерін үнемі су басатынын айтып шағымданған еді. «Алмаз» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Мәриям Әбілованың айтуынша, бұл кәріздің лай суы емес, жер асты суы. Ол үнемі келіп тұрады, бірақ техниканың күшімен сорылып алынады. Бұл қалыпты жағдай. Тұрғындардың кейде дұрыс ақпарат бермейтін жәйттері де кездесетіні осының дәлелі. Абай көшесіндегі 48 үйдің тұрғындары баспананың аула жағында бірнеше жерінен кірпіштері опырылып, құлап жатқанын айтқан еді. Шындығында да солай екен. Әсіресе, жауын-шашынмен шайылған тұстары ойылып, кірпіштері түсіп қалған. Қар суының да әсер етуі мүмкін. Бұл тұрғындар үшін аса қауіпті. Қала әкімі тиісті мекеме басшыларына тапсырма жүктеп, олқылықты тез арада жоюды тапсырды. Саин көшесіндегі 32, 32 «а» және «Юбилейный» мөлтек ауданы 32 үйдің ауласына 9 қабатты баспана тұрғызуды жоспарлап жатқан «Регион строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әрекетіне тұрғындар қарсылық танытуда. Егер бұл жерге свай қағыла бастаса айналасындағы бес қабатты үйлердің қабырғасы қақырап, сөгілгелі тұр. Сондықтан бұл жерге үй салуға болмайтындығы мердігер компания өкілдерімен егжей-тегжейлі зерттелетін болады. Аталған үйлердің тұрғындары жертөлелері де үнемі кәріз суына толып қалатынын айтып шағымданған болатын, әрі тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген. «Алау» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Александра Махамбе-
тованың айтуынша, өзіне қарасты 22 үйдің жертөлелері үнемі бақылауда. Олардың бірнешеуін қарап шыққан шаһар басшысы әзірге шу көтеретіндей ешқандай олқы-лықтың жоқтығын айтты. Ал, жүргізілген жөндеу жұмыстарына қатысты соттасып жатқан тұрғындардың мәселесі әлі де шешімін күтуде.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс