Қала әкімдігіндегі кеңес

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев мемлекеттік органдар және коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өткізді. 

Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті басты мәселе – су тасқынына дер кезінде тосқауыл қойып, төтенше жағдайларға жол бермеу. Осыған орай қала әкімі Шағалалы су қоймасынан суды ағызуды үдетіп, тұрғындар тарапынан келіп түскен өтініш-шағымдарға сергектікпен қарауды тапсырды. Сонымен бірге облыс орталығының санитарлық тазалығы, абаттандыру мәселесі де назардан тыс қалмағаны жөн. Ағымдағы жылғы 22 сәуірде жоспарланған алғашқы жалпықалалық сенбілікті ұйымшылдықпен өткізу бәріміздің басты міндетіміз. Осы мәжілістен кейін қала әкімі Ермек Боранбайұлы көкшетаулықтардан келіп түскен өтініштерге орай бірқатар тұрғын үйлердің аулаларының жағдайымен танысты. Локомотивная көшесіндегі теміржолшылар аллеясын қайта жаңғырту жұмыстары пысықталды. Қазіргі жоспар бойынша жарық орнатып, тротуарларды қалпына келтіру, қосалқы территорияны абаттандыру керек. Қала басшысы сонымен бірге құрылысшылар қалашығында болып, осы маңда жаз айларында жүргізілетін жөндеу жұмыстарымен танысты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс