Қала әкімі жастармен кездесті

«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында қала әкімі Амангелді Сма-йылов жастар ресурстық орталығының белсенді мүшелерімен, волонтерлермен және мекеменің жас мұғалімдерімен кездесті. Кездесу еркін форматта өтті. Жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салып, жетістіктерімен бөлісті. Жастар жылы қала бойынша бұқаралық, мәдени-танымдық, оқыту тренингтері мен семинарлары, жалпы алғанда 190 шара ұйымдастырылған. Оған 30 мыңға жуық адам қатысқан. Жұмыспен қамту, баспана алу және тағы басқа бағыттар бойынша кеңестер берілген. Қаладағы барлық колледж-дер мен оқу орындарында өзекті мәселелерге қатысты лекциялар оқылған. «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Марал Әлжаппарова белсенді жастармен байланыста болудың маңызына тоқталды. Бүгінгі таңда мекемеде 88 үйірме жұмыс істейді, оған 1,5 мың бала келіп жүр. Кездесу барысында қала әкімі Амангелді Смайылов волонтерлік қозғалысты дамытуға басымдық берілуі керек деді. Бұл жолда олардың меценаттармен байланысын күшейту қажет. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Жүсіпов белсенді және еріктілер қозғалысына қатысатын студенттерге оқу орындарында қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, волонтер боламын дейтін адамдарға жасына шектеу қойылмаған. Сондықтан, ол қозғалысқа қала тұрғындарын да тартуға болады.
Жастармен кездесу барысында шаһар басшысы аула клубтарының, волонтерлік орталықтардың жұмысын жандандырып, оған жатақхана студенттерін көптеп тартуды тапсырды. Алда болатын өңірлік форумға ерікті жастарды қатыстыру жұмыстарын да ширата түсу қажет деді.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий