Қала әкімі қариялармен жүздесті

«Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса ақсақалдармен кездесті.
Облыс орталығында 27 мыңнан астам зейнеткер тұрады, қалалық ардагерлер кеңесінің жанында 144 бастауыш ұйым жұмыс істейді.IMG_20210421_120311
Алдымен Бауыржан Ғайса облыс орталығының экономикалық және әлеуметтік дамуы, әлеуметтік шиеленісті тудыратын өзекті мәселелер, Көкшетаудың даму перспективалары туралы айтып берді. Іс-шара барысында қала басшысы аға буынға алғысын жеткізді: «Сіздер ұзақ жылдар бойы біздің өңіріміз бен қаламыздың дамуы үшін түрлі салаларда жұмыс істедіңіздер. Бүгіндері біз сіздердің нұсқауларыңыз бен тәжірибелеріңізге мұқтажбыз». Ақсақалдар бата беріп, әкімге жемісті жұмыс тіледі, өз ұсыныстарымен бөлісті және қаламызға қатысты проблемалық мәселелерді көтерді. Жиында білім саласының ардагері Тельман Мұқышев ардагерлердің шипажайларда тегін демалу құқығы қалпына келтірілсе деген тілегін жеткізді. Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еркіндік үшін күрескен Желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіш орнату жөнінде ұсыныс білдіре келе: «Соңғы жылдары қала келбеті көп өзгерді. Қаншама жаңа ғимараттар, тұрғын үйлер бой көтерді. Осы ретте, қала орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайының кіреберісі кеңейтіліп, жаңартылса. Ғимарат мәдениет сарайы деген атқа лайық болуы тиіс», – деп сөзін түйіндеді. Жиналғандар Гагарин көшесі бойындағы су құбыры құрылысы, ардагерлер емханасы мәртебесін қалпына келтіру, мүгедектер мәселесіне қатысты сұрақтар қойды. Ардагер журналист Сайлау Көшкенұлы тұрғын үй аулаларының автотұраққа айналып бара жатқанына қынжылыс білдірсе, журналистика ардагері Лариса Аитова қала көркін кетіріп тұрған сұрықсыз ғимараттарды сынға алды.
Барлық шағымдарды тыңдап болған соң әкім сұрақтардың бәріне жауап берді.

Әсем ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий