Қала әкімі құттықтады

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін».

Қала әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының құрметті азаматы, ақын, жазушы-драматург Төлеген Қажыбайды 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

– Сіз елімізге танымал үлкен жазушы, белгілі ақын, драматург, журналистсіз. Әлі күн «Бұқпа!» газетінің, «Жер шоқтығы» журналының бас редакторы ретінде қызмет істеп, Көкшетау қаласының құрметті азаматы ретінде қаланың әдеби-мәдени, рухани өміріне, жастар тәрбиесіне белсене араласып келесіз. Сізді бүгінгідей мерейлі мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін. Алға қарай да осы белсенділігіңізден айнымай елімізге, Отанымызға қарымды қаламыңызбен еңбек сіңіре беріңіз, – деген қала әкімі жазушының иығына шапан жауып, Құттықтау хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті. Одан әрі мерейтой иесін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов, замандасы Шәбдан Тоқмұрзин, «Бұқпа!» газетінің директоры Қайыргелді Әкімбеков құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
– Жаратқан иеміз берген бойымдағы талантты халық игілігіне жаратуға тырыстым. Атқарған ісім жұртымның көз алдында. Бүгінгідей құрметіңізге мың рахмет! Соңғы жылдарғы қаланың көркейіп, дамып келе жатқаны мен үшін үлкен қуаныш. Ісіңіздің өрге баса беруіне тілектеспін, – деп жазушы қала әкіміне ризашылығын білдірді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий