Қалың қар әбігерге салды

Арқаның қалың қары мен ақтүтек бораны қаланы да, даланы да әжептәуір әуреге салды. Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» орталығының мамандары соңғы жауған қардың бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда екі-үш есеге артық түскендігін айтады. Облыста «112» желісіне 3 мыңнан аса қоңырау түскен. Ауа райының күрт құбылуы салдарынан 100-ден астам автокөлік соқтығысты. Қатты дауылдан өңірде 7 ғимараттың шатыры желге ұшса, 65 елді мекеннің электр желілері істен шықты. Қар құрсауынан 50 адам эвакуацияланды. Облыстық төтенше жағдайлар депаратментімен жедел штаб құрылып, республикалық және жергілікті маңыздағы жол бойларында 270 пункт жұмыс істеді.

Көкшетау көшелеріндегі қар тазалау жұмыстарына 50-ден аса техника тартылып, 90-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қалалық коммуналдық шаруашылық мекемелері техникамен толық сайланып отырса да табиғаттың мұншалық тосын мiнезiн ешкiм күтпеген едi. Табиғаттың тосын мінезіне мойынсұнбай «Көкше-Жәрдем», «Көкшетау ДЭУ» коммуналдық шаруашылықтары таңғы сағат 4-тен тәулік бойы үздіксіз жұмыс жасап, қар басқан жерлерді уақытылы  аршып отырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий