Қамданған қапы қалмайды

Әкiмдiктiң кезектi аппарат мәжiлiсiнде қала басшысы Ермек Маржықпаев отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының қысқы маусымға дайындығы туралы мәлiметтердi пысықтады.

«Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнының директоры Сергей Жуков қала бойынша әлеуметтік сала нысандары мен тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындардың биылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тыңғылықты жүргізілгендігін жеткізді. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарында жөндеу жұмыстары 100 пайызға орындалған. Қыстан қиындықсыз шығу үшін қалада жылу желілері жаңартылып, көмірдің жеткілікті қоры жасалды. Жылу жүйелеріндегі температуралық, гидравликалық режимдерді үздіксіз, бірқалыпты ұстап тұруға арналған дербес қазандықтар жылу маусымына толықтай әзір. Бір қазандық қосалқы сақталуда. Әкім сондай-ақ, қаланың тіршілік қарекетіне байланысты жүйелілік мәселелерді шешу қажеттілігін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы мәселелердің шешілуі коммуналдық қызмет жұмысының реттелген механизмі сияқты өтуі қажет. Олардың ішінде – жылыту маусымына дайындық, қоғамдық көліктің тиімді жұмысы, қаланың жақын әрі шет аумақта орналасқан аудандарын дамыту. Жалпықалалық сенбіліктерде тек қоқыс жиналып қоймай, ағаштар әктелді, газондар қураған жапырақтардан тазартылды. Алайда, қала басшысы көптеген мекемелер мен құрылыс алаңдарының маңы санитарлық талапқа сай еместігін сынға алды. Осы ретте жергілікті полиция қызметінің басшысы Серік Зейнуллинге қоқысты көшеге төгетіндермен күресті күшейтуді тапсырды. Кезекті жиынды қорытындылаған қала әкімі сала жетекшілеріне тағы да нақты тапсырмалар жүктеді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий