Қарабұлақ ауылының шежіресі

«Ауылым – алтын тұғырым» тақырыбымен 21 ақпанда Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин музейінде көрменің ашылу салтанаты өтті. Осы жолы Зеренді ауданы Қарабұлақ орта мектебі өз көрмесін әкеліп қойды.

Көрменің мақсаты: білім саласы мен ғалым, педагог М.Ғабдуллин музейі арасында тығыз байланыс орнату, этно-педагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру, Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиясында нақты атап көрсетілген Мәңгілік Елдің «ұлттық генетикалық кодын» түбегейлі бекіту арқылы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады. 2012-2015 жылдар аралығында «Мәртебелім – мектебім» тақырыбымен басталған бұл шара былтырдан бері «Ауылым – алтын тұғырым» деген атаумен жалғасуда. Іс-шараға мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры, қазылар алқасының төрағасы Қаратай Төлекеев, Бурабай, Зеренді, Еңбекшілдер аудандарының білім бөлімінің мамандары мен ауыл мектептерінің басшылары қатысты. Іс-шара соңында оқушылар Қарабұлақ орта мектебінің көрмесімен таныстырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс