«Қара жорға» Бұқпа биігінде

Көкшетау қалалық әкімшілігінің қолдауымен және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық биді кеңінен насихаттау мен рухты жаңғырту мақсатында «Қара жорға» билейік!» акциясы ұйымдастырылды. Бұқпа тауының биігінде өткен шараға облыс орталығында білім алып жатқан мыңдаған студенттер мен оқушылар,  кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастар қатысты.   Бұл шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткенін де айта кеткен ләзім.

Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Арман Төлеевтің айтуынша, «Қара жорға» биін алдағы уақытта білім ошақтарында денешынықтыру сабағына енгізу жоспарланған. Ертедегі тас таңбаларында осы бидің элементтері бар екенін ғалымдар дәлелдеген. Алайда ұзақ жылдар бойы ұмытылып қалып келді. Алыстан келген ағайындардың жаңғыртуымен ұлттық биіміз ортамызға қайта оралды. Яғни Елбасының бағдарламалық мақаласымен тұспа-тұс келгендей.  «Қара жорға» тәуелсіз Қазақстан мәдениетінде қайтадан жаңғырған және халықтың көңілінен шыға білген би деп есептейді шараға белсене қатысқан жастар.

  Көкшетау техникалық инIMG_8552ститутының студенті Құдайберген Омаров бүгін ерекше жасанып, ұлттық киім киіп келіпті. «Бұл би мен үшін өте маңызды, рухымды көтеріп, санамды сілкінтіп, жаңа биіктерді бағындыруға ұмтылдырады. Сондықтан осындай акцияларды жиі ұйымдастырып, жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді ояту керек»-дейді ол таза ауада сергіп қалғанын жасырмай.

  Бұқпа тауының биігінде өткен ауқымды шараны көкшеліктер бірі терезесінен, бірі көшеде, бірі көлікте жүріп келе жатып тамашалады.

 

 Көкше ақпарат

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий