Қарты бар елдің қазынасы бар

1 қазан – Халықаралық қарттар күні өңірде аға ұрпақты құрметтеуге арналған салтанатты шара өтті. Шараға еңбек, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау органдарының, сот жүйесінің ардагерлері, тыл еңбеккерлері, облыс аудандарының ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев жиынға қатысушыларды құттықтап, алғыс білдірді. «Биылғы жыл бәріміз үшін айтулы жыл. Біз еліміздің 30 жылдағы дамуының қорытындысын шығара отырып, Тәуелсіздік мерейтойын атап өтеміз. Осы кезеңде Қазақстан елеулі табыстарға қол жеткізді және бүкіл әлемге танымал болды. Бүгінгі күні Сіздердің әрқайсыңыз тиісті зейнет демалысында болсаңыздар да қоғамның, облыстың және еліміздің дамуына үлес қосып жүрсіздер», – деді Ермек Маржықпаев. Аймақ басшысы, өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында хабардар етті. Бүгінде облыста бес медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарттарды оңалту үшін барлық жағдай жасалған, 2 мыңнан астам қарт азаматтар үйде арнаулы қызметтермен қамтылған. Шипажай-курорттық емдеуге 1500-ден астам адам жолданды. Шара аясында 30-дан астам еңбек ардагері мен қоғам қайраткерлері облыс әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оның қатарында Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Денсаулық сақтау саласының ардагері Болат Жанәділов, еңбек ардагері Зура Шуатаева, Қазақстанның Халық әртісі Жібек Бағысова, Мемлекеттік қызмет ардагері Галина Марченкова сияқты ардагерлер бар. Айта кетейік, облыста қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы аясында 25 мыңнан астам азаматқа бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 170 миллион теңгеге бір реттік материалдық қолдау көрсетіледі. Ардагерлерге құрмет көрсету бір ай бойы өңірдің барлық меншік нысанындағы мекемелері мен кәсіпорындарында өтеді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий