Қарты бар елдің қазынасы бар

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету айлығы туралы қаулыға қол қойды. Осылайша, қазан айы қарттарға құрмет көрсетілетін мерзім болмақ. Айта кетерлігі, бүгінде аймақта 111 мың қария бар. «Ардақты ардагерлер! Сіздер жүріп өткен жол – біз үшін үлгі-өнеге. Отан алдында абыроймен еңбек етіп, келешек ұрпақ үшін аянбадыңыздар. Енді Сіздерді құрметке бөлеп, жылылық сыйлап, қамқорлық көрсету – біздің борышымыз», – деді өңір басшысы. Құшақ толған гүлдер, алғыс хаттар, жылы лебіз. Бүгін 27 аға буын өкілі қошеметке бөленді. Ризашылықтарын да білдіріп жатты. Аймақ басшысы барлық қарияларға денсаулық тілеп, облыстың дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Өңірдің ауылшаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы бүгінгі нәтижелерін де тізбектеп өтті. Қарттар айлығы аясында үйде медициналық көмек көрсету, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды отынмен қамту, тұрғын үйін жөндеу және жемшөбін дайындау туралы шешім қабылданды. Қалалар мен аудандар бюджетінен 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 130 миллион теңге бөлінді, оны 20 мыңнан астам қария мен мүмкіндігі шектеулі жандар алатын болады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий